16-бап. Сертификатталған өнімді, үрдістерді, жұмыстардың және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау.
Сертификатталған өнімдерді, үрдістерді жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіппен сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.
17 -бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
1.Мыналар республикалық бюджет каражатының есебінен қаржыландырады:
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органды және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
сертификаттау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар.
2. Тіркелген сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ лабораторияларының /орталықтарының/, стандарттау, метрология
және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың, мемлекеттік
сертификаттау жүйесінде орындайтын, осы Заңмен көзделген
және осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген жұмыстарды
шартты негізде қаржыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |