15-бап. Сертификаттау саласында мемлекеттік кадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің саласына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен кезде сертификатталған өнімнің жұмыстардың қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалғауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана /орталықтарының/ қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге;
жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхананың /орталыктарының/ қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жұмсалған үлгілердің құны мен сынақтар /талдаулар, өлшеулер/ жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін объектілер өндірісінің шығысына жатқыза отырып, өнімнің сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге;
стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықты ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |