7-бап. Өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар.
1. Өнімді өндірушілерге, оны берушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз осы қызметтерді көрсететін және /осы қызмет көрсетулерді тұтынатын жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз/, өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ зертхана орталықтары бар барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар бола алады. Өнімді, процесстерді қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Сертификаттау жөніндегі органдардың филиалдары мен өкілдіктері, осы филиалдар мен өкілдіктер стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелген жағдайда сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындай алады.
2. Өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдарды тіркеу кезінде:
сертификаттаудың объектілерінің айқындалуы;
талаптарына сәйкес сертификаттау жүргізетін нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлерінің белгіленуі;
- тіркеу саласына енпзілтен объектілерге сертификаттау жүргізудің ережелері мен рәсімдерінің реттелуі тиіс.
Сертификаттау органдарын тіркеу жөніндегі комиссия құрамына тәуелсіз ұйымдардың өкілдері кіруге тиіс.
3. Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар белгіленген тәртіппен мемлекеттік сертификаттау тізімінде тіркелуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |