6-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері:
мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты калыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу
міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің /жұмыстардың тауарлар мен қызмет көрсетушілердің/ тізбесін дайындау;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу;
сарапшы-аудиторларды аттестаттау;
сынақ зертхана орталықтарымен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүрізу.
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын, оларды беру және колданудың тәртібін белгілеу;
сынақ зертхана орталықтары мен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы қабылдау;
құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп бірақ рет рұқсат беру;
егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына кайшы келсе олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру;
сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі
адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын
қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |