Не сертификаттау


ҚР сертификаттау жүйесі туралы ережелердің бөлімдері



бет40/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
3.3 ҚР сертификаттау жүйесі туралы ережелердің бөлімдері.

Сынақ зертханалар /орталықтары/

1. Сынақ зертханасының /орталықтары/ заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады.

2. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.



3. Заңды тұлғалардың кұрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда /орталықтарда/ сертификаттық сынақтар
жүрізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына /орта-
лығына/ тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.

Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертхана /орталықтары/ серти­фикаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган қатысуы талап етілмейді.

9-бап. Сәйкестік сертификаты.

Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатын береді. Сәйкестік сертификаты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.

Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метроло­гия және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

10-бап. Өнімді, үрдістерді жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері.

Сертификаттаудың міндетті және еріктітүрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз – адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестік тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.



Ерікті сертификаттау өтініш берушіні дайындаушылардың сатушылардың, атқарушылардың бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

11-бап. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар

1.Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификаты жоқ болса өткізуге
тиым салынады.

Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.

2. Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарды мемлекеттік сертификаттау
жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің
болуы көзделуге тиіс.

Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудаға арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді, ақпараттар өнімнің елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі /егер аталған ақпараттың болуы/ өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен шектелсе ғана қамтылуға тиіс.



12-бап. Сертификаттау жөніндегі нормативтік кұжаттарға қойылатын талаптар

1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымның техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктерге негізделуі, халықаралық /аймақтық/ стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың үрдістерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.

Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары, халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.

Нормативтік құжаттарда регламенттелетін сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс.



Сертификаттау саласындағы кұжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару орындарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның арнаулы басылымдарында жарияланады.

Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

  1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен
    стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі
    мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз
    деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді.

  2. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс.

13-бап. Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталған өнімнің сапасын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау.

1. Сертификаттау ережелерін сақталуына, сертификатталған өнімнің, жұмыстардың қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган стандарттау және серти­фикаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.

2. Сертификаттау ережелерінің сақталуына және сертификат­талған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалау барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар /шетелдік ұйымдарды қоса алғанда/ мен жеке тұлғаларды әзірлеу, өндіру, беру, өткізу, айналыста /пайдалануға/ болу, сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату сатыларында жүзеге асырылады.

14-бап. Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ, зертхана /орталығының/ қызметін мемлекеттік тұрғыда бақылау

1.Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ зертхана /орталықтарының/ кызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады

2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының /орталығының/ қызметінде сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептертерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылғаннан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды.



Тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік құжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет