Не сертификаттау



бет49/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Жапондағы сертификаттау

Жапон мемлекетінде сертификаттаудың үш түрін ажыратады:



  • заңдылық талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін міндетті сертификаттау;

  • мемлекеттің уәкілетті органдары жүргізетін ұлттық JIS стандарттарына сәйкестігін дәлелдейтін ерікті сертификаттау;

  • сертификаттауды жеке меншік органдары жүргізетін ерікті сертификаттау.

Міндетті сертификаттау заң бойынша жүргізіледі. Бұл заңның ішінде:

  • міндетті түрде сертификаттауды өтетін өнімдердің тізімі және олардың талаптары қарастырылған;

  • сертификаттау сұлбалары мен сәйкестік белгілер анықталынған;

  • сертификаттауды және инспекциялық бақылауды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін басқару органдары белгіленген.

Уәкілетті органдармен әзірленген және мемлекеттік министрлік Кабинетімен бекітілген техникалық регламенттерге сәйкестігін дәлелдеу үшін сертификаттау сынауын жүргізеді. Кейбір өнім түрлеріне заң бойынша қауіп-қатеріне байланысты категориялары енгізілген. Мысалы, электротехникалық бұйымдар үшін А және Б категориялары бар. Бұл категориялар үшін әр түрлі сертификаттау сұлбалары мен сәйкестік белгілері қолданылады (сурет 3).

А категорияның белгісі Б категорияның белгісі

3-сурет. Электротехникалық бұйымдардың сәйкестік белгілері

Ең қауіпті бұйымдар үшін (А категориясы) үшінші жақ өткізетін сертификаттау түрі, ал Б категориясы бар өнімдерге - әзірлеушілердің мәлімдеме-декларациясы пайдаланылады.

Сынау лабораториялар министрлігімен тағайындалып пайдасыз жұмыс істеу ұйымдары болу қажет. Жапондағы міндеті сертификаттаудың ерекшелігі, біріншіден, өнімді сериялық өндірісте шығару үшін рұқсат алу, екіншіден, экспорттық тауарлар міндетті түрде міндетті сертификаттаудан өту тиіс.

АҚШ-тағы сертификаттау

Сәйкестік сертификаттаудың құқықтық негізі болып АҚШ мемлекетінде жұмыс істейтін әр түрлі өнімдердің қауіпсіздік туралы көптеген заңдары табылады. Бұл заңдарға сәйкес міндетті сертификаттауды мемлекеттік стандарттау бойынша жасалған және мемлекет ішкі және сыртқы саудада сатып алатын өнімдерге жүргізу тиіс. Мемлекеттік органдар міндетті сертификаттауды бақылайды.

Ерікті сертификаттау тұтынушылардың немесе өнім әзірлеушілердің мәлімдемесі бойынша олардың ұсынылып отырған нормативтік құжаттарға сәйкестігін дәлелдеу үшін жүргізіледі.

АҚШ мемлекетінде Федералдық өкімет бекіткен негізгі 3 категория сертификаттау туралы бағдарламалар енгізілген:


  • бірінші категория – міндетті түрде жүргізілетін тауарлармен қызметтерді қауіпсіздігіне сертификаттау;

  • екінші категория - жалпы бақылаудың орнына жүргізілетін, өндірісті және өнім үлгілерін тексеретін бағдарламалар;

  • үшінші категория - өнімнің саудаға түспей тұрған кездегі сапасын және өндіріс жағдайларын бағалау бағдарламалары.

АҚШ мемлекетте сынау лабораторияларын аккредиттеу үшін жүзге жуық аккредиттеу жүйелері бар, соның ішінде лаборатория-ларды аккредиттеу туралы Американдық ассоциациясының жүйесі (AALA) және лабораторияларды аккредиттеу ұлттық ерікті бағдарлама (NULAP) ең беделді болып есептеледі. Мысалы, AALA оптика және фотометрия саласы бойынша акустикалық, вибрациялық, биология-лық, химиялық, жылулық, механикалық және электрлік сынауларды жүргізетін сынау лабораторияларын аккредиттеу жұмыстарын атқа-рады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет