Халықаралық және аймақтық сертификаттау
Сертификаттау аймағында ISO-ның қызметі
ISO-ның сертификаттау саласындағы негізгі қызметі - ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету. 1985 жылға дейін бұл жұмыстармен Сертификаттау Комитеті (СЕРТИКО) шұғылданған, ал 1985 жылдан бастап қызмет аймағы кеңею себебінен оның аталуы Сапа және сертификаттау жөніндегі комитет (КАСКО) болды.
СЕРТИКО-ның МЭКпен, Халықаралық сауда орталықпен, сауда және даму туралы ООН Конференциясымен (ЮНКТАД) және ГАТТ/ВТО мен бірге қосылып «Сертификаттау». Принциптер және тәжірибе» деген арнайы зерттеу материалдарының шығармасы негізгі жиын жұмыстары болып табылды. ISO дайындығын Сертификаттау жөніндегі Бірыңғай ұйымдық-әдістемелік құжаттар, сертификаттау жұмыстарын үндестіруге көмектеседі. Сертификаттау жүйелері жоқ мемлекеттерге әдістемелік жағынан ИСО-ның көмегі өте зор.
КАСКО жұмыстарына 50 шақты мемлекеттер қатысады, ал Қазақстанды ҚР Мемстандартты ұсынады. Комитет қызметтерінің негізгі бағыттары:
- әр түрлі мемлекеттердің өнім және сапаны қамтамасыз етуі жүйелерінің қойылған талаптарға сәйкестіктерін бағалау әдістерін зерттеу;
- сынауға, инспекциялық бақылауға және өнім сертификат-тауға, процестерге, қызметтерге, сонымен қатар сынау лаборатория-лардың қызметіне және бағалауына, сертификаттау органдарына және сапа қамтамасыз етуі жүйелеріне қатысты ұсыныстарды дайындау;
- ұлттық және аймақтық сапа қамтамасыз етуі жүйелерін өзара мойындауға және қабыл алуына, сонымен қатар сынау, бақылау, сертификаттау, сапа жүйелері және т.б. жұмыстарға халықаралық стандарттарды қолдануына көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |