186
микробүрлер болатыны анықталған. Мезотелий шынында эпителийдің
қатарына жатпайды:
Біріншіден -
жасушалары ішкі ортада
орналасқандықтан полярлығы
нашар байқалады.
Екіншіден -
мезотелий жасушаларының ӛзара байланыстары жеңіл үзіледі.
Ондай қасиеттер эпителийге тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі,
жасушаларының кӛбеюі нәтижесінде іс жүзіне асырылады. Мезотелий басқа
ұлпалардан дамымайды
және оларға айналмайды, ол жоғары дәрежеде
маманданған ұлпа, жасушалары десмосомалық контактімен байланысқан.
Мезотелийдің ерекше қасиеттерінің бірі, оның
жасушалары дене қуысына
түлеп түсетіндігі мен фагоцитоздық қабілетке иелігі. Мезотелий дене қуысы
мен ұлпалар арасында "сероздық — гематолимфалық тосқауыл" түзеуге
қатысады. Ішкі мүшелердің орын ауыстырып козғалуына және бірімен-бірі
қосылып, бітісіп-жабысып қалмауына мезотелий қолайлы жағдай туғызады.
Регенерацияға мезотелийдің физиологиялық қабілеті
Достарыңызбен бөлісу: