Негіздері



Pdf көрінісі
бет236/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.10.16 Сҥтқоректілердің дамуы
Жануарлардың судан құрлықка шығуына байланысты оларды қоршаған 
орта жағдайы ӛзгеріп, ұрықтарының дамуы құстар мен рептилийдегі сияқты 
жұмыртқа ішінде немесе сүтқоректілердің кӛбісінде арнайы орган — 
жатырда ӛтетін болған. Бірінші жағдайда дамуға қажетті қоректік заттарды 
жұмыртқадағы сарыуыз бен белоктан, ал екінші жағдайда ұрықтың қорегі 
ана организмінен алынады. Сүтқоректілердің кӛбісінде жұмыртқасы 
эволюция процесі нәтижесінде сары уызын жойғандықтан ланцетниктің 
жұмыртқа клеткасы сияқты ӛте кіші болып келеді және толық бӛлшектену 
тән, бірақ сүтқоректілердің дамуы меробластикалық типпен жүреді. Қазіргі 
кездегі сүтқоректілердің ең жабайысы ехидна мен үйрек тұмсық. Бұлар 
рептилийлерге тән кӛбею және даму тәсілін сақтаған. Бұл жануарлардың 
жұмыртқа клеткасы ӛте ірі (сарыуызының диаметрі 0,5 см дейін) болады. 
Ехидна денесінің құрсақ бетінде болатын қалтаға кӛбінесе бір жұмыртқа 
салады. Үйрек тұмсықта ондай қалта болмайды, інге салған бірнеше 
жұмыртқаларын басып жетілдіреді. Бӛлшектенуі дисклік, гаструляциясы 
рептилийлерге ұқсас жүреді. Жұмыртқадан шыққан балапандары, анасының 
тері безінің сүтке ұқсас секретімен қоректенеді. Сүтқоректілер ұрпақтарын 
тірі туады. Сүтқоректілерде құрсақтық даму кезеңі әртүрлі және ұрықтың 
ана организмімен байланысының түрі де бірдей болмайды. Қалталылардың 
құрсақтық даму кезеңі ӛте қысқа және ұрықтың жатырдың кілегей 
қабықшасымен байланысы жабайы. Қалталылардың кейбір түрлерінің 
(баңдикут, немесе қалталы борсық) тӛл қабының қабырғасы жатырдың 
кілегей қабықшасының ойындысына кіріп тұратын ӛсінділер құрайды. 
Сондықтан қалталылар ұрпақтарын шала туады. Мысалы, ересек үлкен 
кенгурудің аталықтарының үлкендігі адамның бойындай болғанымен, 
ұрпағының үлкендігі лобия дәнінен болар-болмас қана үлкен. Кейбір 
қалталылар 
ӛздерінің 
ұрпақтарын 
қалтасында 
жетілдіреді. 
Бұл 
жануарлардың жұмыртқасында сары уыз кӛп болмайды. 
Жоғары сатыдағы сүткоректілердің жұмыртқасында сары уыз 
кірінділері жоқ деуге болады және онда дамудың бастапқы кезеңіне 
жеткілікті органикалық, бейорганикалық заттар болмайды. Ұрық ӛзінің 


172 
дамуына қажеттің бәрін ана организмінен алады. Плаценттілердің 
жұмыртқа клеткалары ӛте кішкентай (диаметрі 100-200 мкм) алецитальді 
немесе изолецитальды типке жатады, толық бӛлшектенеді. Бластомерлердің 
үлкендігі әркелкі және олардың санының кӛбеюінде геометриялық 
прогрессия байқалмайды. Бластомерлер саны 2 кезеңнен ӛткеннен кейін 
олардың саны 3, 4, 5, 7, 9, 11 т. т. болып кӛбейеді. Сүтқоректілердің 
кӛпшілігінде бӛлшектенудің нәтижесінде морула пайда болады. 
Бӛлшектенудің бірінші бӛлінуінен бастап бластомерлердің екі түрі 
байқалады: ұсақ ақшыл және ірі күңгірт бластомерлер. Күңгірт ірі 
бластомерлерді ақшыл бластомерлер қаптап ӛседі. Ішкі күңгірт 
бластомерлерден эмбриобласт қалыптасады (83-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет