130 - сурет. Бҧлшық ет қҧрылысындағы шоғырлар тобы (azerros.info) Кейбір бұлшық ет талшығында миофибриллалар кӛп, саркоплазма аз
болады. Ондай талшықтардың жиырылу күші жоғары болғандықтан тез
шаршап, жұмсалған энергияны жылдам қалпына келтіре алмайды. Ал,
талшықтары аз, саркоплазмасы кӛп бұлшық еттер ұзақ уақыт жұмыс атқаруға
қабілетті.
Моифибриллалардың арасында саркоплазмада кӛлденең орналасқан
сарколеммамен байланысқан Т-жүйесі (кӛлденең түтікшелер) болады. Белгілі
жерлерде саркоплазмалық тордың екі цистернасының арасында Т-жүйесінің
түтікшелері орналасады. Бір Т-жүйесінің түтікшесі мен екі цистерналар
комплексін
триада деп атайды. Түтікше мен цистерналар ӛзара кӛлденең
мембраналық кӛпіршіктер арқылы жалғасқан. Цистерналар Са
2+
иондарын