Негіздері



Pdf көрінісі
бет127/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Склеротомнан
– шеміршек, сүйек және дәнекер ұлпалар, 
миотомнан
– 
қаңқа бұлшық еттері, 
дерматомнан
– терінің дәнекер ұлпалары дамиды. 
Нефрогонотомнан
– жыныс бездері мен зәр шығару мүшелері, 
спланхнотомнан – ішкі мүшелердің дәнекер ұлпалары, ішектің, тыныс алу, 
зәр шығару мен жыныс жүйелерінің тегіс бұлшық еттері, қан тамырлары, 
жүрек пайда болады.
Даму процесі кезінде мезодермадан хорданың бастамасы, сомиттер, 
дерматом, миотом, склеротом және мезенхима дамиды. Сонымен бірге, 
мезодерма нефротомды, Вольф каналын, Мюллер каналын, спланхнотомды, 
ұрықтан тыс мезодерманы кұрайды. Дерматомнан терінің дәнекер ұлпалық 
негізі, миотомнан кӛлденең салалы бұлшық ет, ал склеротомнан шеміршек 
пен сүйек ұлпалары дамиды. Нефрогонотомнан бүйрек пен зәр шығару-
жолдарының эпителийі, ал Вольф каналынан шәует шығарушы жолдардың 
эпителийі пайда болады. Мюллер каналы жұмыртқа ӛзегі мен жатырдың 
эпителийін, қынаптың алғашқы эпителийлік жабыңдысын түзеді. 
Спланхнотомнан целомдық эпителий, немесе мезотелий, бүйрек үсті 
бездердің қабық қабаты, жүрек еті және жыныс бездерінің фолликулалық 
эпителийі дамиды. Спланхнотомнан бӛлінген мезенхимадан қан мен дәнекер 
ұлпасының клеткалары, ми тамырлары, ішкі қуыс органдардың ұлпалары мен 
тамырлары пайда болады. 
Органогенез антенаталдық дамудың соңында аяқталады. Бірақ, бірқатар 
мүшелердің толық жетіліп күрделенуі постнаталдық кезеңде де жүреді.
1.10.10 Онтогенез барысында тҧқым қуалайтын информацияның 
 іс жҥзіне асырылуы 
Онтогенез барысында тұқым қуалайтын информацияның іс жүзіне 
асырылуы ядро мен цитоплазма арасында бір – біріне үздіксіз, әсер етуі 
нәтижесінде жүреді. 
Ядроның әсері.
Онтогенез кезінде ядроның басты роль атқаратын Астауров 
тұт ағашында дамитын жібек құрттарында жүргізген эксперименті арқылы 


151 
дәлелдеді. Ол бір түрге жататын жібек құрттардың жұмыртқа ядросын екінші 
бір түрдің жұмыртқа цитоплазмасына енгізген, соның нәтижесінде 
гибридтерде қауіпті ӛзгерістер пайда болып, олар тіршілігін жойған. Ал 2% 
жуығы қалыпты дамып, ересек күйге жеткен. Осы гибридтер морфолоиялық, 
кариологиялық белгілері бойынша, ядросы енгізілген жібек құрттар түріне 
ұқсаған. Астауров бұл тәжірибе арқылы генетикалық информация 
хромосомалардың ДНҚ-да жазылғанын дәлелдеп кӛрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет