Негіздері


Аnamnia  және Амниот -  Аmniota



Pdf көрінісі
бет130/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Аnamnia 
және Амниот
Аmniota
деп екі топқа бӛледі. 
Анамнийдің жұмыртқалары суда дамыса, Амниоттардікі құрлықта дамиды. 
Құрлықта дамуды қамтамасыз ететін жұмыртқа жасушасында пайда 
болатын ұрықтан тыс мүшелер — амнион мен аллантоис. Амнионның 
функциясы дамып келе жатқан ұрыққа сұйық орта қалыптастыру. 
Аллантоистың (грекше 
allаns
— шұжық, аllаnlоіs - шұжық тәрізді) негізгі 
қызметі ӛзінің тамырлары арқылы тыныс алу мен трофикалық 
функцияларды қамтамасыз ету. 
Анамнийлер (грекше аn — жоқ, аmnion — су қабы) эмбриондық даму 
кезінде амнион мен аллантоис сияқты ұрықтық қаптарды құрамайды. Бұған 
жататындар бассүйексіздер (ланцетниктер), балықтар мен қосмекенділер.
Амниоттарға (грекше аmnion — тостаған) бауырымен жорғалаушылар, 
құстар және сүтқоректілер жатады. 
1.10.13 Ланцетниктің дамуы
Ланцетниктің дамуын тұңғыш рет зерттеп жазған орыс эмбриологы
А.О.Ковалевский. Ӛзінің магистрлік «Аmрһіохus lanсеоlаtus» тақырыбы 
бойынша диссертациясында (1885) Ковалевский ланцетниктің барлық даму 
кезеңін толық баяндаған. 
Ланцетник теңіздің тайыз бӛлігіндегі кұм арасында тіршілік етеді
үлкендігі 3-5 см, кішкене ғана теңіз жануары. Ол хордалы жануарлардың 
барлық негізгі белгілеріне ие, атап айтқанда түтік тәрізді арқа жотасында 
орналасқан нерв жүйесі мен хорда, сегменттелген тұлға мускулатурасы. 
Ланцетник жұмыртқасын суға салады, ұрықтануы суда жүреді, 4-5 күннен 
кейін личинка пайда болады. Жұмыртқасы изолецитальды, сары уызы ӛте 
аз, цитоплазмада біркелкі таралған. Жұмыртқаның вегетативтік полюсіне 
бір ғана сперматозоид енеді (моноспермия). Одан кейін жұмыртқаға 
сперматозоидтардың артық санының енуіне бӛгет болатын сары уыз 
қабықшасы
пайда болады. Бӛлшектенуі толық, біркелкі бӛлшектену. 
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы (зигота) 2, 4, 8, 16, 32 т. б. (72-сурет) болып 
геометриялық прогрессиямен кӛбейетін эмбриондық клеткалар —
бластомерлерге (грекше blaste - ұрық, mеrоs - бӛлік), толықтай 
бӛлшектенеді. Бластомерлердің үлкендігі бірдей болады, соның ӛзінде 
вегетативтік жағындағы клеткалары анимальді жағына қарағанда ірірек 
келеді. Зиготаны екі бластомерге бӛлетін бірінші бӛлшектену жылғасы


154 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет