156
бластомерлер саны 1000 жеткен кезде басталады. Гаструляция нәтижесінде
гаструла (грекше gaster — қарын) деп аталатын іші куыс, қабырғасы
клеткалардың екі қабатынан тұратын ұрық пайда болады. Гаструланың
қуысын гастроцель, немесе алғашқы ішек, ал гастроцельді сыртқы ортамен
жалғастыратын саңылауды бластопор (грекше blaste — ұрык, роrus —
саңылау), немесе алғашқы ауыз деп атайды. Оның жиегін ерін дейді —
дорзальдық (үстіңгі), вентральдық (астыңғы) және латеральдық (бүйір)
еріндерді ажыратады. Ланцетниктің гаструласында ішкі ұрықтық
жапырақшадан тұратын алғашқы ішек немесе архэнтерон, тек ғана ас
қорыту жүйесінің бастамасы емес, сонымен бірге личинканың басқа
кӛптеген органдары мен ұлпаларының
бастамасы, яғни тұрақты ішекке
сәйкес келмейді. Даму процесі жұмыртқа қабықшаларының ішінде жүреді.
Гаструляция кезеңінен кейін мүшелер мен ұлпалардың негізгі
бастамаларының оқшаулану кезеңі басталады.
Ұрықтың сыртқы қабырғасының құрамы біркелкі емес эктодерма
құрайды. Эктодерманың дорзальдық бӛлігі биік цилиндр тәрізді
клеткалардан тұрады. Бұл медуллалық, немесе нерв пластинкасын құрайтын
нерв жүйесінің бастамасы. Ұсақ клеткалардан тұратын эктодерманың
қалған бӛлігі жануар жабынының бастамасы. Ішкі ұрықтық жапырақшада
нерв пластинкасының астында хорданың бастамасы, ал оның екі жанында
мезодерманың материалы орналасады. Сонымен, бластуланың сыртында
болатын болашақ ішкі органдардың материалдары гаструляция процесінде
ұрықтың ішіне қарай ойысады. Нерв жүйесінің бастамасы ұрықтың үстіңгі
бетінде қалғанымен, гаструладан кейінгі кезеңде ұрықтың ішіне ӛтеді. Жота
органдарының комплексі (біліктік органдардың) пайда болатын кезеңін
нейрула деп атайды. Нерв пластинкасы майысып нерв науашасын түзіп
эктодермадан бӛлініп нерв түтігіне айналады (73-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: