Негіздері


жиырылғыш, өткізгіш, секреторлы



Pdf көрінісі
бет207/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

жиырылғыш, өткізгіш, секреторлы
.
Жиырылғыш кардиомиоциттер
– пішіндері цилиндр тәрізді, 
ұзындығы 150-200 нм, қалыңдығы 10-20 нм болады. Бір-бірімен қыстырма 
дискілер арқылы байланысады, сырты базальді мембранамен қапталып, 
ретикулярлы коллаген талшықтарымен қоршалған. Сопақша келген ядролары 
кардиомиоциттердің ортасында орналасқан. Цитоплазмасында жақсы 
дамыған түйіршіксіз эндоплазмалық тор Т-жүйесі түтікшесінің айналасында 
тығыз 
орналасқан. 
Кардиомиоциттердің 
цитоплазмасында 
жасуша 
қосындыларынан гликоген мен липидтер және митохондриялар ӛте кӛп 
тізбектер құрап орналасады. Ал, миофибрилдер құрамындағы 
актин
мен 
миозин
миофиламенттері ретімен кезектесе орналасып, ашық түсті – 
изотропты
, күңгірт түсті – 
анизотропты 
дикілерді түзеді.
 
Жүрек етіндегі жиырылғыш элементтердің құрылымы кӛлденең салалы 
бұлшық еттер құрылымына ұқсас. Кӛлденең салалы бұлшық еттердегі сияқты 
жүрек етінің миофибрилдерінің кӛлденең жолақтары бар. Оның құрылымдық 
және қызмет атқаратын бірлігі - 
саркомер. 
Саркомер екі
Z – сызығының 
арасы
.
 
Миофиламенттер митохондрияларда синтезделген АТФ-тің әсерінен 
жиырылып - қысқарады және керісінше босаңсып – ұзарады. Жүрек бұлшық 
етінің миофибрилдерінде актин миофиламеттері жылжып, қалың миозин 
миофиламенттерінің арасына ӛтіп орналасады. Миофиламенттердің 
жылжуына қосымша белоктар – тропонин мен тропомиозиннің ықпалы зор.
Ӛткізгіш кардиомиоциттер – 
ӛте ірі жасушалар

ұзындығы 100 мкм, 
қалыңдығы 500 мкм, сондықтан гистологиялық препараттан оңай табылады. 


252 
Цитоплазмасында жалпы қызмет атқаратын органеллалардың біразы бар, 
бірақ олардың құрамында кӛлденең жолақтары болмайды. Негізгі қызметтері 
Пейсмекер элементтерінен (РР-жасушаларынан) жүйке импульсін қабылдап, 
оны жиырылғыш кардиомиоциттерге ӛткізеді. Сондықтан жиырылғыш 
кардиомиоциттердің арасында орналасады. Ӛткізгіш кардиомиоциттер үш 
топқа бӛлінеді І, ІІ, ІІІ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет