262
шырматылған тор құрайды. Астроциттердің бӛлінуі жиі байқалады, орталық
жүйке жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық ұлпалар түзіледі.
Олигодендроглия –
жасушалары олигодендроциттер.
Нейроглия
құрамында ең кӛп кездесетін майда жасушалар, ӛсінділері аз және ӛте
жіңішке. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрамындағы нейрондар мен
жүйке талшықтарының сыртын қоршайды, сұр және ақ затта да кездеседі.
Солардың бір түрі глиоциттер – сателлиттер
нейронның сыртын қаптап
тұрады. Нейрондардағы ӛсінділерді қаптайтын жасушаларды леммоциттер
немесе Шванн жасушалары деп те атайды (136-сурет, В). Шванн жасушалары
миелинденген талшықтардың миелин қабықшасын синтездейтін мамандалған
олигодендроциттер. Олар жүйке ұштарының құрамына кіреді, жүйке
жасушаларының ӛсінділерін изоляциялап,
қозу импульсінің шашырауына
кедергі болады, импульсті ӛткізуде елеулі рӛл атқарады. Сонымен қатар,
олигодендроциттер нейрондарды қоректендіруге және мидағы судың алмасу
процесіне қатысады
.
Глиялық жасушалар
қан капиллярымен байланысып, олардан алынған
заттарды ӛңдеп, жүйке жасушаларын дайын жоғары молекулалы заттармен
қамтамасыз етеді деген мәліметтер бар. Жүйке жүйесінде
трофикалық
қызмет атқарады және зат алмасу процесіне қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: