Негіздері


Ағзаны микроскоппен зерттеу деңгейлері



Pdf көрінісі
бет6/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.
Raushanbek Assylkhan Rpzs 20-8 Тopic, физика сессия (2)
Ағзаны микроскоппен зерттеу деңгейлері:
1.
 
Субклеткалық деңгей - электронды микроскоппен клеткалар және 
олардың органоидтарының ультрамикроскоптық құрылысын зерттеу. 
2.
 
Клеткалық деңгей – жарықтық микроскоппен клеткалардың 
құрылысын және әртүрлі әсерлерге беретін жауаптарын зерттеу. 
3.
 
Ұлпалық деңгей – ағзаның ұлпалық жүйелерінің құрылысын
қызметін және дамуын зерттеу.
4.
 
Мүшелік деңгей – ағзадағы әртүрлі мүшелердің микроскоптық 
құрылысын зерттеу.
Алғашқы екі деңгей цитология пәнінің негізін құраса, үшінші деңгей 
жалпы гистология бӛлімінің негізін құрайды, тӛртінші деңгей жүйелік 
гистологияның немесе микроскопиялық анатомияның негізі болып табылады. 



І – БӚЛІМ. ЦИТОЛОГИЯ
 
І.1 ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ
 ДАМУ ТАРИХЫ 
Цитология және гистология ғылымының 
даму тарихын үш кезеңге 
бӛлуге болады:
1.
Микроскопка дейінгі; 
2.
Микроскоптық; 
3.
Қазіргі кездегі - электронды микроскоптық кезең. 
Микроскопка дейінгі кезең
біздің эрамызға дейінгі Y ғасырмен XYII 
ғасыр (1665 ж) аралығын қамтиды. Бұл кезеңде жануарлар мен адам 
ағзасындағы әртүрлі ұлпалардың сипаттамасын анатомиялық зерттеулерді 
қолдану арқылы анықтауға әрекет жасалған. Жалпы ағзаны ұлпаларға бӛлу 
жӛніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның
Везалийдің, Фаллопийдің және т. б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың пайда 
болуынан басталады. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық 
оптиктер Янсендер 1590 жылы жасаған дейді. Атақты Галилей де 1612 
жылы микроскоп құрастырған, ал 1624 ж. сол аспапты тәжірибеде пайдалана 
алу деңгейіне жеткізген. Бұл аспап 35-40 есеге дейін ұлғайтқан. Бір жылдан 
кейін И. Фабер осы аспапты "микроскоп‖ деп атады. Алғашқы ойлап 
табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет