77
Вакуольдің қуысы жасуша шырынына толы болады, оның құрамында
бейорганикалық тұздар, қант, органикалық қышқылдар, оның тұздары және
тӛменгі молекулалы қосындылар, сонымен қатар белоктар да кездеседі.
Орталық вакуольдер әртүрлі және маңызды функциялар атқарады:
1. Жасушаның тургорлық, осмостық қысымын анықтайды;
2. Әртүрлі молекулаларды белсенді тасымалдайды;
3. Қоректік заттарды жинайды (қант, белоктар, пигменттер);
4. Экскрециялық қызмет атқарады.
Микротүтікшелер
-
ұзынша келген, цилиндр тәрізді түтікшелер.
Диаметрі 24 нм, қабырғасының қалыңдығы 5 нм. Құрамында
а және b
тубилині бар протифиламенттер. Микротүтікшелер жасушада қозғалыспен
байланысты құрылымдарды түзеді; әрі тірек қызметін атқара отырып,
судың, иондардың және кейбір молекулалардың тасымалдануын
қамтамасыз етеді.
Микротүтікшелер фибриллярлық типті органеллаларға
жатады.
Микротүтікшелердің қызметтері:
1. Цитоқаңқа қызметін атқарады.
2. Жасушада заттар мен органеллаларды тасымалдауға қатысады.
3. Бӛліну жіпшесін түзуге және митоз кезінде хромосомалардың ажырауын
қамтамасыз етеді.
4. Центриольдердің, кірпікшелердің және талшықтардың құрамына кіреді.
Микрофиламенттер - цитоқаңқаның екінші компоненті. Олардың екі
түрін ажыратады: 1) актиндік; 2) аралық.
Актин
филаменттері
актин белогынан
тұрады
және
оның
полимеризациясы кезінде пайда болады. Аралық филаменттер – олардың
қалыңдығы актин филаменттерінен жуан, микротүтікшелерден жіңішке.
Достарыңызбен бөлісу: