81
жануарлар, ӛсімдіктер және қарапайымдылардың клеткаларында байқалған.
Ядрошықтың кӛлемі әртүрлі. Оның типі клетканың типіне және
метаболизмдік жағдайына байланысты. Белсенділігі жоғары клеткаларға ірі
және тығыз ядрошықтар тән. Мысалы, эмбрион,
белоктарды жедел
синтездейтін
клеткаларға,
сүт-қоректілердің
ооциттеріне,
жүйке
клеткаларына, кейбір бездер клеткаларына. Тығыз және кӛлемі кіші
ядроларға кіші ядрошықтар тән. Ал, клеткалардың кейбірінде бірнеше
ядрошық болады. Ядроның ең тығыз бӛлігі ядрошық. Химиялық құрамы
жағынан
ядрошық
РНҚ
концентрациясының
жоғары
болуымен
ерекшеленеді. Оның негізгі компоненттері РНҚ мен фосфопротеиндер типті
қышқыл белоктар. Сондай-ақ, кальцийдің, магнийдің, темірдің, мырыштың
бос немесе байланысқан фосфаттары да байқалған. Ядрошықта
нуклеотидтердің алмасуына қажетті ферменттер де бар. Бұл ферменттердің
белсенділігі цитоплазмадағыдан жоғары.
Сондықтан, цитоплазмаға
қарағанда ядрошықта белоктың синтезделуі бірнеше есе артық жүреді.
Ядрошық тұрақты құрылым емес,
митоздың бас кезінде жойылып,
телофазаның аяғында қайтадан түзіледі. Ядрошықтың функциялық
ӛзгерістері олардың саны мен кӛлемінің ауытқуына байланысты.
Ядрошықта рибосомалар қалыптасатын болғандықтан,
ядрошықтың саны
мен кӛлемі ӛзгерген кезде рибосомалардың түзілу жылдамдығы да ӛзгереді,
яғни белоктің синтезделуі артады. Ядрошық хромосомалардың белгілі бір
бӛлігіне жанасып тұрады, осы бӛлік
ядрошықты ұйымдастырушы деп
аталады. Оның бақылауымен ядрошықтың нуклеинқышқылдық материалы
синтезделеді және бұл материалдың тығыз денешікке ұйымдасуы жүреді.
Ядрошық ӛзінің шығу тегі жағынан хромосомамен байланысты, бірақ,
қызметі жағынан ӛзгеше. Ядрошықтың зақымдалуы бүкіл
клетканың
метаболизміне әсер етеді, атап айтқанда РНҚ-ның, яғни белоктың да синтезі
бұзылады.
Электрондық микроскопиялық зерттеулер ядрошықтың негізін белоктық
фибриллалар мен гранулалық субстанциялардан құралатынын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: