105
тӛрт фазадан тұрады:
профаза, метафаза, анафаза
және
телофаза
(48-
сурет). Митоздың нәтижесінде пайда болған жас жасушалардағы
хромосомалардың саны мен сапасы аналық жасушадағымен бірдей болады.
Митоз - бұл хроматидтер бір бірінен ажырап,
екі жас жасуша арасында
теңдей бӛлінетін, ядроның бӛліну процесі.
Сомалық жасушаның митоздық бӛліну кезіндегі әр фазасында жүретін
ӛзгерістердің сипаттамасы:
Профаза
-
ядрода хромосомалар спиралданады, микроскопта жіпшелер
тәрізді кӛріне бастайды, әр хромосома екі хроматидтен тұрады және олардың
арасы когезин ақуызының кӛмегімен байланыста болады. Хромосомаларда
РНҚ-ның
синтезі толық тоқтайды, рибосомалық гендердің активсізденуіне
байланысты ядрошықтар жойылады, бірте-бірте
ядро мембранасы да
бұзылып, кӛпіршіктерге айналады. Цитоплазмада ӛзгерістер жүріп, ЭПТ мен
Гольджи аппараты жойылып, екі диплосомалар жасушаның полюстеріне
қарай жылжып, бӛліну ұршығының қалыптасуына қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: