106
2. Ақуыз-транслокаторлар қатысады:
- оның біреуі хромосомаларды кинетохор түтігінің бойына орналастырады,
- басқасы полярлы микротүтіктерді бір-бірінен шет жаққа қарай ығыстырады.
Телофаза
-
ажыраған бір хроматидті хромосомалар ӛз диплосомасына
жақындаған соң, тоқтайды. Хромосомалар профаза кезінде ядро мембранасы
ыдырау барысында пайда болған кӛпіршіктермен байланыста болады.
Олардың қабырғасына ядро саңылауларын құрайтын комплекстер
орналасады, сол арқылы кӛпіршіктерге ақуыздар еніп, ядролық ламинаны
құрайды. Соның нәтижесінде кӛпіршіктер бірігіп, кариомера түзіледі,
олардың әр қайсысы ӛз диплосомасымен байланысқан, сондықтан олар
бірігіп ядро мембранасын құрайды, яғни екі жас ядро пайда болады.
Хромосомалар бірте-бірте деспиралданады, ядрошық қалыптаса бастайды.
Телофазаның соңғы жағында
цитотомия
(цитокинез) жүреді – жасушаның
екіге бӛлінуі. Ол үшін жасуша экваторларында актомиозинді сақина
қалыптасады, ол бірте-бірте тарылып, жіңішкеріп, нәтижесінде екі жасуша
түзіледі. Одан соң жасушада ЭПТ мен Гольджи аппараты қалпына келеді.
Ӛсімдіктерде жас жасушалардың бӛлінуі аналық жасушаның ішкі
аймағында басталады. Жасушаның ортасында біртіндеп ӛсіп, толығымен
екіге бӛлетін, жасушалық пластина түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: