13
Гистология шет елдерде ӛркендей бастағандықтан, бұл сала Ресейде де
дами бастады. Гистология кафедрасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Санкт-Петербургтағы (1864), Мәскеудегі (1866), Харьковтағы (1867),
Қазандағы (1871), Томскідегі (1883) университеттерде және Санкт-
Петербургтің Дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) ашылды.
Гистологтар мектебін орыс ғалымы гистолог-эмбриолог А.С.Догель
(1852-1922) Томскіде, кейіннен Санкт-Петербургте ашқан. Ӛз
еңбектерінің
кӛпшілігін, ол вегетативтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған.
А.С.Догельдің шәкірттерінің бірі — академик А.А.Заварзин (1886-1945).
Совет Одағының ғалым - гистологтары Б. И.Лаврентьев пен
А.А.Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы морфологиясын, А.В.Немилов пен
А.В.Румянцев ішкі секреция мүшелерінің құрылысын, Н.Г.Хлопин
ұлпалардың құрылысы мен дамуын, Г.Н.Хрущев лейкоциттер жүйелерінің
салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен табыстарға жетті.
Гистология XIX ғасырдың ортасынан бастап жедел дамыды. Түрлі
мүшелер мен ұлпалар құрамы және олардың гистогенезі жасушалық
теорияның негізінде түбегейлі зерттелді. Еуропада Гассельдің, Келликердің,
Лейдигтің және басқалардың алғашқы гистология жӛніндегі оқулықтары
осы кездерде жарияланды.
Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның
техникасының жетілуі XIX
ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады.
Осы кезде жақсартылған иммерсиялық объективтер тәжірибеге енгізіліп,
микроскоптың үлкейтіп кӛрсету мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар —
формалин (Блум 1893), хром қышқылы (Ганновер 1840) және пикрин
қышқылы (Ранвье 1865) тағы басқалары қолданыла бастады. XIX ғасырдың
екінші жартысындағы елеулі жаңалық микротомның шығуы, оны
Я.Пуркиньенің шәкірті А.Ошац жасап шығарған. Осы құралдың гистология
тәжірибесіне енуі жасушалар мен ұлпалардың
нәзік құрылысын зерттеуге
мүмкіндік берді. 1876 жылы жасуша орталығы, 1894 жылы митохондриялар,
1898 жылы Гольджи аппараты ашылды. Осы органоидтардың ашылуы
цитоплазмада клетканың тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды
процестердің жүретінін кӛрсетті.
Клеткалық теорияның қалыптасуына клетканың бӛлінуі жайындағы
жаңалыктың ашылуы игі әсерін тигізді. Клетканың тікелей емес бӛлінуі
туралы алғашқы мәліметті 1873 жылы Шнейдер ұсынған, бұл жаңалық тиісті
бағасын кезінде ала алмады. Бұдан кейінгі жылдары клетканың бӛлінуі
туралы кӛптеген ғылыми еңбектер жарияланды.
1874 жылы Н.Д.Чистяков митоздық бӛлінудің бірнеше фазаларын
жазды. Яғни, жас клеткалардың ядросы аналық клеткадағы ядроның бӛлінуі
14
нәтижесінде пайда болатынын түсінді. Бірақ, Н.Д.Чистяков бӛліну
фазаларының тәртібін толықтай біле алмады. 1875 жылы клетканың бӛлінуін
сипаттайтын бірнеше жаңа енбектер басылып шықты. Э.Страсбургер бірнеше
ӛсімдіктер митозын сипаттайтын "Клетканың бӛлінуі
және клетканың пайда
болуы"
деген
монографиясын
жарыққа
шығарды.
Страсбургер
ӛсімдіктермен бірге шеміршек клеткаларының, асцидий жұмыртқасының
бӛлінулерін де қарастырды. Түрлі ағзалардың тікелей емес бӛлінуі ортақ
заңдылықпен жүретінін Страсбургер дұрыс түсінді. Бірақ та митоздың жеке
кӛріністеріне толық баға бере алмады.
1878-1879 жылдары кариокинез ашылуының шарықтау кезеңі болып
саналады. 1878 жылы Страсбургердін "Клетканың бӛлінуі және ұрықтану
жӛнінде" деген екінші монографиясы шықты. 1879 жылы В. Шлейхердің,
П.И.Перемежконың және В. Флеммингтің осы тақырыпқа арналған еңбектері
жарық кӛрді. Флемминг ӛзінің "Клетканың субстанциясы,
ядросы және
клетканын бӛлінуі" атты (1882) монографиясында кариокинез жӛнінде шыққан
жұмыстарға қорытынды жасады. Осы кездегі қолданылып жүрген
кариокинезге
байланысты
кӛптеген
терминдер
Флеммингтің
осы
монографиясында қолданылған. Мысалы: тікелей және тікелей емес бӛліну,
митоз және амитоз, ядро торы, хроматин мен ахроматин, экваторлық
пластинка, аналық және балалық жұлдыздар. "Кариокинез" деген терминді
қазіргі мағынасында пайдаланған да Флемминг.
"Профаза", "Метафаза" және "анафаза" деген терминдерді Э.
Страсбургер 1884 жылы, "телофаза" деген терминді 1894 жылы Гейденгайн
ұсынған.
Соңғы жылдары цитология морфологиялық-сипаттау
ғылымынан
экспериментальді ғылымға айналып, клеткалардың физиологиясы мен
олардың тіршіліктегі негізгі функцияларын, қасиеттерін және биологиясын
зерттеуді мақсат тұтты. Басқаша айтқанда замануи цитология – клетканың
физиологиясы. Зерттеушілердің бұл
бағытқа ауысуы цитологияның
биохимия,
биофизика,
молекулалық
биология
және
генетиканың
методологиялық және ғылыми жетістіктерімен тығыз байланыста болуы.
Достарыңызбен бөлісу: