125
Олар кортикальді реакцияға қатысып, овоциттерді полиспермия
процесінен сақтайды.
Овоцитті
қоршаған
мӛлдір
аймақта
гликопротеидтер,
гликозаминогликандар, хондроитин күкірт қышқылы, гиалурон қышқылы
тағы басқалар болады.
Әйелдерде жыныстық цикл 24-28 тәулік сайын жүріп, жыныс
жасушасы пісіп
жетіліп отырады, оны
овуляция
деп атайды. Аналық безден бӛлініп шыққан
овоцит жатыр түтігінің дистальді бӛлігіне ӛтіп, әрі қарай пісіп-жетілу кезеңін
аяқтайды.
Сперматозоидтар
-
ӛте ұсақ қозғалмалы жасушалар. Оның қызметі
ұрықтану барысында хромосомалардың гаплоидты
жиынтығын жұмыртқа
жасушасына енгізу. Олардың сперматогониялардан пісіп-жетілу және
түрлену мерзімі шамамен 72 тәулік құрады.
Қозғалысы құйрығының
кӛмегімен іс жүзіне асырылады. Адамда орташа жылдамдығы секундына 30-
50 мкм. Қозғалысы
хемотаксис
(сұйықтыққа) және
реотаксис
(химиялық
қоздырғышқа қарсы қимыл жасау) қасиеттеріне байланысты жүреді.
Сперматозоидтар жатырға 30-60 минутта, ал жатыр түтігінің
дистальді
бӛлігіне 1,5–2 сағатта жетіп, аналық жасушаны ұрықтандырады.
Ұрықтандыру қасиетін 2 тәулік сақтайды.
Сперматозоидтардың ұзындығы шамамен 70 мкм, атқаратын қызметіне
сәйкес сперматозоидтардың басы, мойны және құйрығы болады (55, Б сурет).
Басында жұмыртқа
жасушасын тани білетін
Достарыңызбен бөлісу: