127
Осы реакцияның нәтижесінде басқа сперматозоидтар жұмыртқа жасушасына
ене алмайды. Қосымша енген сперматозоидтар ӛзгеріске немесе ұрықты
ӛлімге алып келеді.
Қалыпты жағдайда аналық гамета бір ғана сперматозоидпен
ұрықтанады. Соның нәтижесінде ата-анасының
белгілері бірдей дәрежеде
тұқым қуалайды және хромосомалардың саны тұрақты сақталады. Ұрықтану
нәтижесінде жұмыртқа жасушасы активтеледі, дамиды, синкарион түзіледі -
бұл пронуклеустердің қосылуы нәтижесінде диплоидты ядросы бар
зиготаның түзілу процесі.
Жұмыртқа жасушасындағы цитоплазмасының әр аймағы әртүрлі
химиялық құрамға ие. Ӛйткені, эмбрионалдық
дамудың ерте сатысында
ақуыздың синтезі үшін қажет энергияға мен м-РНҚ бай және олар жұмыртқа
жасушасының цитоплазмасында біркелкі таралмаған. Цитоплазманың
әртүрлі аймақтарының химиялық құрамы және потенциясы да әртүрлі.
Цитоплазманың анимальді полюсінің аймағы эктодермалық, ал
вегетативті
полюс аймағы – энтодермалық, экваторлық аймақ – мезодермалық
потенцияларға ие (57-сурет). Жұмыртқа
жасушасының цитоплазмасында
пайда болған жергілікті айырмашылық, оның
Достарыңызбен бөлісу: