Негіздері



бет31/40
Дата30.03.2023
өлшемі323,49 Kb.
#173355
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
treatise4938
2курс семинар, Алгоритм 7 Темірлан (1) 2, мектеп , Документ Microsoft Word (2)
Анализ әдістемесі

Электролизерден өткізілген ерітіндіден Cu2+- иондарының мөлшері иодометриялық әдіспен анықталады. Бұл әдіс Cu2+-иондарының калий иодидімен әрекеттесуіне негізделген.
2Cu2+ + 4І-  2СuІ + І2
Тәжірибеден кейінгі ерітіндіні калий иодидінің есептелінген мөлшерімен өндеп, бөлінген иодты тиосульфаттың 0,1 н ерітіндісімен 5%-ті крахмал ерітіндісінің қатысуында титрлейді.
2Na2S2O3 + І2  2NaІ + Na2S4O6
Ерітіндіде қалған мыс (ІІ) иондарының концентрациясы мынадай теңдеу бойынша есептелінеді:
Сu2+ , г/л = Т1. V ж .1000/ V
T1- тиосульфаттың мыс бойынша титрі
V ж - жұмсалған тиосульфаттың көлемі
V - анализделінетін ерітіндінің көлемі
Ерітіндінің мыс (ІІ) иондарынан тазалау дәрежесі  есептеледі.

Қажетті құрал – жабдықдар мен реактивтер:
1. 2-ші суреттегі қондырғы
2. Құрамында мыс (ІІ) иондары бар, тазартуға арналған ерітінді
3. 0,1 моль-экв./л Na2S2O3 ерітіндісі
4. 5 %- дық крахмал ерітіндісі
5. HNO3 сұйытылған ерітіндісі
6. Калий иодиді
7. Конусты колбалар
8. Амперметр
9. Ток түзеткіш

Жұмыста зерттелінетін параметрлер
1. Тазартылатын ерітіндідегі мыстың мөлшерін тәжірибеге дейін иодометрлік әдіспен анықтайды.
2. Ерітінді ағынының жылдамдығы - V=60 мл/сағ., мыс түйіршіктерінің қабат қалыңдығы l=1,0 см, катодтағы ток тығыздығы 50-200 А/м2 болғандағы тазартылатын қышқыл ерітіндіден мысты бөліп алу процесін зерттеу. Тазартылған ерітіндідегі қалған мыс иондары иодометрлік әдіспен анықталады. Ерітіндінің мыс иондарынан тазалану дәрежесін есептеу және ток тығыздығының, түйіршікті электрод қабатының әсерін анықтау.
3. Тәжірибені жүргізу ұзақтығының немесе тазаланатын ерітіндінің электролизерден өту жылдамдығына мысты бөліп алу процесіне әсерін зерттеу.

№№ 1-5 тәжірибелер


Тәжірибелер жүргізу шарттары:
Ерітіндіні электролизер арқылы өткізу жылдамдығы - V=60 мл/сағат; түйіршікті электродтард қабатының қалыңдығы - l=1,0 см, катодтағы ток тығыздығын 50 - 200 А/м2 аралығында өзгертеді.
№№ 6 – 9 тәжірибелер
Тәжірибелер жүргізу шарттары:
Ерітіндіні электролизер арқылы өткізу жылдамдығы - V=60 мл/час; Катодтағы ток тығыздығы: - 200 А/м2, түйіршікті электродтар қалыңдығын 1 – 5 см аралығында өзгертеді.
Тәжірибеден кейін ерітіндідегі мыс ионджарының концентрациясын анықтайды, мыс иондарын бөліп алу дәрежесін есептейді, алынған мәліметтерді кестелерге енгізіп, графиктер тұрғызады.
6.1-кесте

Катодтағы ток тығыздығы, А/м2

Ерітіндіні мыс иондарынан тазарту дәрежесі, %






























6.2-кесте



Түйіршікті электродтар қабатының қалыңдығы, см

Ерітіндіні мыс иондарынан тазарту дәрежесі, %






























Ескертулер:


1) Тәжірибелерде түйіршікті электродтар және ток жеткізгіш электрод ретінде графитті қолдануға болады.
2) Жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде ток бойынша шығымды есептеуге болады.
Ток бойынша шығымды есептеу
ТШ=(mпр / mтеор)100%
mтеор - катодта теория бойынша бөлінуге тиіс, Фарадей заңына сәйкес есептелген зат мөлшері, грамм
mпр - катодта іс жүзінде бөлінген зат мөлшері, грамм

Фарадей заңы бойынша:


mтеор..q
 - уақыт, сағат (тәжірибе ұзақтығы);
І - ток күші, А.
q - металдың электрхимиялық эквиваленті, г-экв/А
q=
А- атомның молярлық массасы, г/моль;
n - тотығу-тотықсыздану процесіне қатысқан электрондар саны;
F- Фарадей саны , (F=26,8 А.час).

Ток бойынша шығымды есептеген кезде алынған нәтижелерді келесі кестелерге енгізу қажет.


6.4-кесте

Катодтағы ток тығыздығы, А/м2

Ерітіндіні мыс иондарынан тазартудың ток бойынша шығымы, %






























6.5-кесте



Катодтағы ток тығыздығы, А/м2

Ерітіндіні мыс иондарынан тазартудың ток бойынша шығымы, %


































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет