98
Топалаңның нозологиялық балауы нақтылы анықталысымен ол туралы
шаруашылық басшысына, ауданның бас малдәрiгерiне, санитариялық-
эпидемиология мекемесiнiң мамандарына хабарлануы тиiс.
Топалаңның iндет ошағына
алдымен карантин қойылып, ауруға
шалдыққан мал клиникалық жолмен анықталып (мiндеттi түрде iндет
ошағындағы барлық малдың дене қызуын тексеру арқылы), олар отардан
(табыннан) оқшауланып, арнайы топалаң
ауруына қарсы алынған
гипериммунды сарысумен емделедi. Сарысуды iрi қараға (жылқы, түйе,
сиыр) - 100-200 см
3
, қой-ешкi, шошқаға - 30-60 см
3
мөлшерде терi астына
енгiзедi. Қажет жағдайда гипериммунды сарысуды санитариялық тәртiптi
сақтай отырып, қан тамыры арқылы енгiзуге болады. Бұнымен қатар симпто-
матикалық дәрi-дәрмектер, антибиотиктер (пенициллин, терамицин, окситет-
рациклин, т.б.) қолданылады.
Топалаңға шалдыққан малды оқшаулап емдегенде,
оларға қан сорғыш
насекомдар жолатпау шараларын ойластыру қажет. Топалаңға қарсы алынған
гипериммунды сарысумен емделген мал 14 күннен кейiн арнайы вакцинамен
иммунделуi қажет.
Топалаңнан өлген малдың өлексесi өртелiнiп, орны күрек бойы қопсы-
тылып, 14%-ды формальдегид, 10%-ды белсендi хлоры бар әкпен немесе
күйдiргiш натрдың 2-3%-ды ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланып, сол жер
бетондалып,
бұл жерге арнайы белгi қойылып, айналасы қоршалуы шарт.
Белгiде топалаңның орын алған күнi, айы, жылы және белгi қойылған iндет
ошағында жер қазу жұмыстарының жүргiзiлуiне тыйым салынатыны жазы-
луы шарт.
Топалаңның iндет ошағы аудандық ветеринария мекемесiнде сақталатын
арнаулы iндет картасына түсiрiледi.
Топалаңның iндет ошағының сыртындағы – қатер төнген аймақта орна-
ласқан барлық мал топалаңға қарсы толық егілуі қажет.
Санитариялық-эпидемиологиялық мекеменiң мамандары iндет ошағын-
дағы топалаңмен ауырған малмен қатысы болған адамдарды тiзiмге алып,
тиiстi шаралар жүргiзедi.
16 адамнан тұратын топ студенттерiне арналған iскерлiк ойын жүргiзу
мысалы: о р ы н д а л а т ы н i с т е р д i ң б ө л i н у i: Ауданның бас
инспекторы - iндеттанулық зерттеудi басқарып, аурудың нозологиялық бала-
уын шешедi және iндет ошағынан арылу шараларын ұйымдастырып қадаға-
лайды.Эпизоотолог - iндеттанулық зерттеу жүргiзiп, акт толтырады. Ауыл-
дық округтiң немесе шаруашылықтың инспекторы - iндеттанулық зерттеу
жүргiзуге қатысып, iндет ошағынан арылу шараларының жоспарын құрады.
1.
Ғылыми данышпан (консультант) – аурудың шығу, таралу себептерiн
анықтау, iндет процесiнiң негiзгi буындарына
бағытталатын шаралардың
дұрыс ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстар жасайды.
2.
Шаруашылықтың мал дәрiгерi – патологиялық материал алады,
лабораторияға жiберудi, жолдама қағаз толтыруды ұйымдастырады. Клини-
99
калық және патология-анатомиялық зерттеулер жүргiзедi, малдың күнделiктi
жағдайына қарайды.
3.
Бактериолог – материал қабылдап алады, зерттеу тәсiлдерiн ұйымдас-
тырады.
4.
Лицензиант-мал дәрiгерi – малды вакцинациялау, емдеу және басқа да
ветсанитариялық шараларды орындайды.
5.
Веттехник-дезинфектор – өлексенi жою,
қиды өңдеу, дезинфекция,
дезинсекция, дерратизация шараларын орындайды.
6.
Қатер төнген аймақтағы шаруашылықтың
немесе ауылдық округтiң
инспекторы – iндет ошағында жүргiзiлетiн күрес шараларымен танысып,
iндеттiң таралмауы үшiн қатер төнген аймақта дауалау шараларын ұйым-
дастырады.
7.
Шаруашылық қожалығының төрағасы немесе ауылдық округтiң
әкiмi – iндетке қарсы шараларды ұйымдастыруға қажеттi жабдықтарды
қамтамасыз етуге байланысты мәселелердi (карантиндiк постылар, шлаг-
баумдар, бақылау пункттерi, айналма жолдар, т.б.) шешуге ат салысады.
Достарыңызбен бөлісу: