145
шірікбақай ауруларын қоздырушы микробтардың жануарлар организмiне
жарақаттар арқылы берілетiнiне, әсiресе соңғы екеуiнiң қоздырушыларының
ылғалы көп жерде сақталатыны назарға алынады. Ұзақ мерзiмде ылғалды
жайылымдарда жайылған малдың терiсi мацерацияланып, микробтардың
денеге енуiне жол ашылады. Сiреспенiң төлде спорадиялық бой көрсетуiне
құйрықтарының кесiлуi, тiкенек шөптiң ерiндерiн жарақаттуы, пiшiлуi себеп
болады. Анаэробты инфекцияны жұғу жолдарына
байланысты топтастыру
29-суретте көрсетiлген.
Анаэробты инфекциялардың қазақша атаулары, олардың өздерiне
айрықша тән клиникалық немесе патология-анатомиялық белгiлерiнен
алынған. Сондықтан оларды аталған әдiстердi қолдану арқылы балау көп
қйындық тудырмайды.
Бактериологиялық зерттеу бұл инфекцияларда ауруды қоздырушы
микробтардың типтерiн анықтау мақсатымен немесе бұл iндетерден ада
шаруашылықтарда , оларды алғаш рет балағанда жүргiзiледi.
Бактериологиялық зерттеу:
материалды дұрыс алудан, микроскопия-
лаудан және оны арнайы анаэробты қоректiк орталарға (Китт-Тароцци,
Хотингер, Вильсон-Блер) сеуiп iндеттi қоздырушы микробтардың түрiн
өсiрiп алып, олардың патогендiлiгiн (немесе токсигендiлiгiн) лабораториялық
1.Сiреспе 1.Қарасан 1. Ботулизм
2.Шірікбақай 2.Жыбырлақ
3.Сарып 3.Секiртпе
4.Қозының анаэробты дизентериясы
29-сурет. Анаэробты инфекцияларды жұғу жолдарына
байланысты топтастыру.
жануарларға биологиялық сынама қою арқылы анықтаудан тұрады.
М а т е р и а л а л у. Анаэробты инфекциялардың түрлерiне байланысты
лабораториялық зерттеуге алынатын материалдар да әрқилы.
Қ а р а с а н д а патологиялық материал ретiнде өлексенiң зақымданған
еттерінің кесінділері алынады. Алынған материал жаз айларында мал
өлгеннен кейiн 6 сағат аралығында, ал суық айларда 12-24 сағаттан
қалдырмай – зерттелуi шарт. Материал, сонымен қатар тiрi малдан да (егер
аурудың клиникалық белгiсi айқын көрiнсе) алынады. Ол үшiн
қабынып
тұрған сықырлақ iсiктiң iшiндегi қанды сұйығы инелi пісек арқылы сорылады
Анаэробты инфекциялар
Жарақаттар арқылы
жұғатындар
Алиментарлы
Қоректiк азықтардың
токсиндi инфекциясы
146
немесе iсiктi жарып жарақаттанған бұлшық еттен кесiндi (05-1см) алынады.
Алынған материал қыздырылған тұз, вазелин не болмаса 30%-ды глицерин
ерiтiндiлерiнiң бiрiмен консервацияланады.
С е к i р т п е, ж ы б ы р л а қ, қ о з ы н ы ң а н а э р о б т ы д и з е н-
т е р и я с ы н д а жуық арада өлген малдың өлексесiнiң iшегi жынымен бiрге,
ұлтабардың, аш iшектiң;
iшкi ағзалардың кесiндiлерi, жүрек қаны (арнайы
түтiкке алынып аузы дәнекерленедi) алынады. Жас төлдердiң өлекселерi
бүтiн күйiнде жiберiледi.
С а р ы п т а (бақайқұртта) тұяқ арасындағы жаралардан жағындылар
алынып, Грамм әдiсiмен боялып микроскоп арқылы қаралады. Қажет болса,
қозыларға биологиялық сынама қойылады.
Ш і р і к б а қ а й д а (жегіде) зақымданған терінің қырындылары
алынып 30%-ды глицерин ерiтiндiсiмен консервацияланып жiберiледi.
Сiреспеде зерттеуге жараның экссудаты, iрiңi, жарақаттанған телімнің
кесiндiлерi және iндет ошағынан алынған топырақ жiберiледi.
Б о т у л и з м г е тән болжамдар байқалса,
зерттеуге жануарлардың
жегенiнен қалған азығы (бұзылғаны) тышқан тектестердiң қиы (топырақпен
бiрге), олардың өлекселерi (бүтiн күйiнде) жiберiледi. Материалды орап
жiбергенде, оны күн сәулесiнен, кебуден сақтау қажет.
Анаэробты инфекцияларды қоздыратын микробтарды топырақтан және
судан анықтау әдістемелері патологиялық материалды зерттеудегiдей. Тек
зерттеуге сынамаларды дұрыс алу маңызды.
С у - астындағы лай батпағымен бiрге стерильденген шыны ыдысқа
алынады. Топырақтың алдымен беткi кебу қабаты қырылып тасталынып,
оның астыңғы қабатынан куб тәрiздес формада (ұзындығы 5-8 см) қазылып
алынған топырақ жiберiледi.
19- тәжірибелік сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: