Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет13/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
2 СРСП, eng email, қарттар, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар
Бактериологиялық балау әдістері 
 
Сабақтың мақсаты.
Бактериологиялық зерттеудiң негiзгi сатыларын 
(түрлi әдiспен дайындалған препараттарды микроскопиялау, қоректiк орта-
ларға себу арқылы таза өсiндi бөлiп алу, алынған қоздырушының түрiн 
жiктеп анықтау), биологиялық сынама қою тәсілдерін меңгеру. 
Қажетті жабдықтар. 
Бактериологиялық зерттеу үшін материал алуға 
арналған құралдар (скальпель, Пастер түтiгi, қайшы, т.б.), жарық микрос-
коптары, жағындылар, көректік орталар, спиртовка, лабораториялық 
жануарлар, шприцтер, инелер. 
 
Сабақ арнайы жабдықталған зертханада жүргізіледі. Төмендегідей 
зертеулер орындалады. 
1. Зардапты материалды микроскопиялау арқылы аурудың қоздыру-
шысын анықтайды. Ол үшiн жағынды дайындап, бекiтiп, бояп, микроскоппен 
қарайды. Кейбiр жұқпалы ауруларда, мысалға лептоспирозда, препаратты 
боямай, бекiтпей-ақ микроскоптың арнаулы конденсорын (қараңғылайтын 
конденсор) пайдалану арқылы зерттеуге болады. 
2. Зардапты материалдан өсiн алу үшiн оны қарапайым және арнайы 
қоректiк орталарға себедi. Алынған таза өсiндегi қоздырушыны жiктеп, түрiн 
анықтау үшiн: 
- микроскоппен қарап, микробтың морфологиялық және тинкториаль-
дық ерекшелiктерiн зерттейдi. 
- қоздырушының қоректiк орталарда өсу ерекшелiктерiн (тығыз орта-
ларда колониялардың морфологиясын және сұйық орталарда пайда болатын 
тұнбаның түрi, түсi, лайлануы, бет жағында қабықшаның пайда болу-
болмауы т.б.) ескерiлiп, оның биохимиялық қасиеттерi (қанттар мен 
белоктарды ыдырату мүмкiндiктерi) анықталады. 


21 
- арнайы диагностикалық сарысуларды қолдану арқылы серологиялық 
реакциялардың көмегiмен антигендiк ерекшелiктерiн анықтайды. 
3. Биологиялық сынама қою. Зардапты материалдан немесе алынған 
өсiннен езiндi дайындап, оны 2-3 лабораториялық жануарға (қоян, теңiз 
тышқаны, ақ тышқан т.б.) егедi. Аурудың белгiлерiн бақылап, жануар 
өлгеннен кейiн (немесе арнайы өлтiрiп) өлексенi сойып, ондағы өзгерiстердi 
анықтап, микроскоппен зерттеп, қоректiк орталарға себедi. 
4. Қорытынды. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде бактериологиялық 
балау расталынып, күдiктенген аурулардан ажыратылады. Қажет болған 
жағдайда ауру қоздырушысының типi идентификацияланады. Мысалы 
туберкулез қоздырушысының типiн анықтау өте маңызды. Практикада бұл 
iндеттiң мал арасында таралуына туберкулезбен ауыратын адамдардың себеп 
болатыны жиi кездеседi.
Топалаң, пастереллез, т.б. жiтi өршитiн инфекциялық аурудың нақтылы 
балауы бактериологиялық зерттеулердiң нәтижесiнде қойылады. 
Түрлi инфекциялық ауруларға патологиялық материалды толық 
бактериологиялық зерттеу мерзiмi “Ветеринариялық заңдылық” кiтапта-
рында көрсетiлген. Бактериолог аса қауiптi инфекциялық ауруларда (топалаң, 
т.б.) алғашқы зерттеу нәтижелерiн (микроскопиялау, преципитациялау) 
мүмкiндiгiнше (1-2 сағатта) шаруашылыққа хабарлауы мiндеттi.
Бактериологиялық зерттеу нәтижесi патологиялық материалдың дұрыс
ерте алынуына байланысты. 
3-зертханалық сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет