Негізгі компоненттерінің мәні


Сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнына, атқаратын қызметтеріне SWOT талдау жасаңыз



бет16/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

10.Сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнына, атқаратын қызметтеріне SWOT талдау жасаңыз
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – әр оқушының жеке ерекшеліктерін сақтау, дербес қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері: сыныптағы оқушылардың талаптары мен мүдделерін, жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу; сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды белсенді де саналы ұжымға ұйымдастыру; тәрбие процесінде мектеп, отбасы мен жұртшылықтың қарым-қатынасын қамтамасыз ету; тәрбие процесінде мектеп, отбасы мен жұртшылықтың қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету; оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу; оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру; тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету; тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелілігін, тәрбиелік іс-шаралардың бірлігін қамтамасыз ету; тәрбиенің негізгі бастауы саналатын ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру және т.б. Сынып жетекшісі өзінің жұмысын ең алдымен, оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды және отбасының әлеуметтік жағдайларын зерттеуден бастайды.

Сонымен қатар, сынып жетекшісі өз жұмысының төмендегідей бағыттарын айқындайды: - оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау; - оқушының ынтасы мен қабілетін зерттеу, кәсіби бағдар беру; - оқушылардың қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттерінің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру; - оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау; - барлық тәрбиелік күштердің өзара ынтымақтастығы мен байланыстарын ұйымдастыру; - сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; - оқушылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу;

Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері Белгілі бір сыныпқа тағайындалған сынып жетекшісі жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет