Негізгі компоненттерінің мәні


"Тәрбие" ұғымының анықтамасын талдай отырып, тәрбие процесінің мәні неде екенін тұжырымдаңыз



бет15/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

9. "Тәрбие" ұғымының анықтамасын талдай отырып, тәрбие процесінің мәні неде екенін тұжырымдаңыз.

Тәрбие – нақты педагогикалық мақсат, міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылығы, жүйелі өзара ықпалы, қызмет ету процесі:

  • қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақтың оны меңгеруі; - жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс; - ғылыми дүниетанымын, көзқарасы мен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процесі. Сонымен, тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

  • Тәрбиенің гуманистік парадигмасы Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы жеке тұлғаны тәрбиелеуге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: - тәрбие берудің парадигмасы өзгерді, тәрбиенің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда; - тәрбие мазмұны жаңа біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайындағы тәрбие бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; - ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде; - тәрбиеленушінің жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат-тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде; - мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі ынтымақтастық бірлігіне ұмтылыс жасалуда. Инновацияның өмірге келуінің объективті-субъективті себептері бар. Қоғамдық қатынастардың, қоғамның өзінің жедел дамуы адамзат сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдістәсілдері мен формалары өзгерістерге ұшырайды. Инновацияның өмірге келуінің объективті сипаттамасы қоғам мен білім беру саласының даму қарқындарының бір-біріне сәйкес келмеуі болып табылады. Дамитын қоғамға әрқашан жаңаша ойлайтын «жаңа адамдар» қажет. Қоғамның дамуына байланысты тәрбие беру саласындағы педагогикалық парадигманы жаңа бағытта қарауды қажет етеді. Парадигма деп барлық қалың жұртшылық түгелдей дерлік мойындаған ғылымның алғы жетістіктерін айтуға болады.

  • Ресейлік ғалымдар А.Н.Тихонов, В.А.Садовничий: «Парадигма – нақты ғылыми зерттеулерді анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық және әдіснамалық алғы шарттардың жиынтығы» деген анықтама беріп, парадигманың мағынасын ашып берді. Көптеген ғалымдардың анықтамасы бойынша, педагогикалық парадигма – бұл білім беру мақсатын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас. Дәстүрлі педагогикада парадигма ретінде кіретіндер: тәрбиеленуші – педагогикалық қарым-қатынас объектісі, ал тәрбиеші – басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы; педагогикалық қарым-қатынас барысында тұлғаның ішкі жан дүниесі назардан тыс қалып отырады. Парадигма тәрбиенің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Тәрбие парадигмасының төмендегідей көп тараған түрлері аз емес: дәстүрліконсервативтік (білімділік парадигмасы); феноменологиялық (гуманистік парадигмасы); рационалдық (тәртіптілік парадигмасы); технократтық; эзотерикалық. Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, балаларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз?» деген сұрақтарға жауап береді (2-сурет). Сурет-2. Тәрбие парадигмасының түрлері Ш.А.Амонашвили тәрбие берудің ізгілікті парадигмасын ұсынса, ал ғалым Е.А.Ямбург парадигманы когнитивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет