Негізгі компоненттерінің мәні


Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты



бет40/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты
К.Маркс өзінің «Мамандық таңдаудағы жастардың ойлануы» атты еңбегінде: «Мамандық таңдау дегеніміз – ол адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп, оны бақытсыз етуі мүмкін» – деп жазғанындай, мамандықты дұрыс таңдамау тәрбиеленушінің өмірін мүлде өзгертуі мүмкін.
«Кәсіптік бағдар» түсінігі қоғам мақсатының көзқарасына, тапсырмаларына, әдістеріне, формаларына, кәсіптік бағдардың мағынасына қарай дамып отырады.
Бұл түсініктің өзгеруі келтірілген анықтамалармен өзара байланысты, оның әрқайсысы кәсіптік бағдардың сол немесе басқа да аспектілеріне әсерін тигізеді, қандайда бір функцияны бөліп, оның практикалық және теориялық
даму деңгейін көрсетеді, басқару теориясының, педагогика, психология позициясын қарастырады.
Сондықтан да кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын, оның негізгі «іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» тәрізді 3 кұраушысын нақтылаған дұрыс.
Философиялық сөздіктерде «іс-әрекет» түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының қарастырып отырған «кәсіптік бағдар» ұғымына енгізілуі, кәсіптік бағдар ұғымын тек практика жағынан ғана емес, теориялық іс-әрекет ретінде көрсетеді. Кәсіптік бағдарда практикалық іс-әрекет туындап, теориямен толықтырыла түседі, нәтижесінде кәсіптік бағдарда теориялық және практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырады.
«Бағдар» түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда – тіке, қисық, жазықтыққа; химияда – молекулалардың бағдары. Бұл түсініктер астрономияда, географияда қолданылады. Мұндай жағдайда «бағдар» түсінігі
барлық ғылымдарда орынды анықтау және қозғалыс бағытын таңдаумен байланысты.
Қандай анықтамалар келтірілсе де, «бағдар» түсінігі мамандық таңдауда негізгі бағытты көрсетеді. Егер тәрбиеленушілер мамандық әлемінде бағдар алып, белсенді түрде сол мамандық оның өмір талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді.
Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса, онда оны мамандыққа бағдарлау дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет