Негізгі мақсаты



бет4/13
Дата06.07.2018
өлшемі3,67 Mb.
#47702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

«Алтын жүрек анамыз» атты көркемсөз байқауына 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Екі бөлімнен тұратын бұл байқау өз дәрежесінде өтті. Отан –ана бұл егіз ұғым. Анаға деген махаббатын өлең жолдарымен жеткізе білсе, Отанға, туған елге сүйіспеншілігін де мәнеріне келтіре айтқан оқушылар көп болды. 6 -7 «б» сыныбында оқитын оқушылардың аналарының туған күні екен. Ортаға шақырып, аналарына арнап өлеңдерін оқып, гүл сыйлады. Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан - ана. Бұл да әсерлі шықты. Барлық оқушыларға сертификат тапсырылып, әділ қазылар алқасының әділ шешімімен І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.
Өзін өзі тану пәні адамдарды рухани адамгершілікке үйретеді! Рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі «толық адам» болып қалыптасады.Өзін-өзі бағалауға үйретуде өзін-өзі тану сабақтарының маңызы зор.Түрлі тақырыптары бойынша өткізілетін сабақтар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттырып, өзіне деген сүйіспеншілікке шығармашылыққа тәрбиелейді. Өзін-өзі сыйлайтын және дұрыс бағалайтын балалар бақытты және өмірге тез бейімделіп кетіп, өмірдегі келеңсіз жағдайларға мойымай, өзінің жақсы болашағы болатынына сенімді болады. Оқушылар қолынан шыққан шығармашылық   «Доброта – солнце, согревающее сердце человека» атты көрмесіде жақсы әсер қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет