6. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
99. Пәндік нәтижелер
100. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
ежелгі дүние тарихының негізгі кезеңдерін;
тарихтағы жыл санау жүйесін;
ежелгі дүниедегі алғашқы қоғамдық құрылыс мен мемлекеттер тарихының өзіндік ерекшеліктерін;
алғашқы өркениет ошақтарын, олардың маңызын;
Қосөзен, Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы, Орта және Орталық Азиядағы, Оңтүстік және Шығыс Азиядағы ежелгі мемлекеттердің, қалыптасу, даму ерекшеліктерін, қоғамдық құрылысын, мәдениеттегі жетістіктерін;
Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресін;
ежелгі дүние тарихында болған аса маңызды оқиғаларды;
мәдени-экономикалық дамудағы Ұлы Жібек жолының сауда жолы ретіндегі маңызын;
Ежелгі Грекия мен Римде мемлекеттің пайда болып дамуының өзіндік ерекшеліктерін, мәдени өмірін және антик мәдениеттің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін;
әр түрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын және шежірелерін;
әлемдік діндер мен философиялық ағымдарды (конфуцийлік, буддизм, христиандық) білуі тиіс.
Меңгеруі тиіс:
жылдар мен ғасырлардың арақатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін баяндай білуді;
ежелгі дүниенің табиғи-климаттық жағдайындағы ерекшеліктерді және оның адамдардың өмір сүруіне әсерін сипаттай білуді;
ежелгі дәуірдегі уақыттық және кеңістіктік өлшемдерді;
ежелгі дүние тарихы шеңберіндегі тарихи оқиғалардың негізгі себептерін түсіндіре білуді;
ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, баспанасын, киімдерін, сыртқы келбетін сипаттай білуді;
оқыған мәтініне жоспар құра білуді меңгеруі тиіс.
102. 7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
орта ғасырдағы дүние жүзі тарихының негізгі кезеңдерін;
ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін;
феодалдық қатынастардың мәнін;
орта ғасырлардағы қоғамның әлеуметтік құрамын;
орта ғасырлардағы жер иеленудің, салықтың негізгі түрлерін;
орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс пен билік түрлерін;
V-X ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропада, Таяу Шығыста орталықтанған мемлекеттердің құрылуының алғышарттары мен хронологиясын;
VІ-Х ғасырлардағы арабтардың орта ғасырлық тарихын, ислам дүниесіндегі мәдениеттің ерекшеліктерін;
ХІ-ХVғасырлардағы Еуропа мемлекеттері дамуындағы ерекшеліктерді;
крест жорықтарының нәтижелерін;
ортағасырлардағы Шығыс әлемінің тарихи көрінісін;
ХІ-ХV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік дамуын;
моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылықты;
орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы мен Алтын Орданың құлауын;
орта ғасырдағы тарихи тұлғалар мен ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін;
орта ғасырдағы өркениет аймақтары және олардың маңызын білуі тиіс;
Меңгеруі тиіс:
тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үдерістің маңызды белгілерін анықтауды;
тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;
әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды таба білуді;
тарихты оқып-үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;
оқытылған кезеңдегі түрлі аймақтардағы болған тарихи оқиғаларды салыстыра білуді;
тақырыпқа байланысты тарихи картаны пайдалана білуді;
орта ғасырдағы дүние жүзі тарихынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды меңгеруі тиіс.
104. 8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
жаңа замандағы дүниежүзі тарихының хронологиялық шеңберін, негізгі кезеңдерін;
Англиядағы капиталистік өндірістің дамуындағы ерекше белгілерді;
ағартушылық дәуірдің еуропа қоғамының дамуына әсерін;
отарлау саясатының мәнін, отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды;
Солтүстік Америкадағы отарлық жүйенің негізгі белгілерін, тәуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызын;
Француз буржуазиялық революциясының себебі мен нәтижесін;
ХVІІІ ғасырдағы Ресейдің даму ерекшеліктерін;
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Үндістан, Осман империясы, Қытай, Иран, араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын;
Азия мен Африка елдеріндегі отарлық езгінің зардаптарын;
ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі мәдениетінің негізгі жетістіктерін, мәдениеттің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларды;
ХІХ ғасыр–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің дамуында болған негізгі белгілер мен ерекшеліктерін;
капитализмнің пайда болуы мен дамуын; революциялық және эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін;
революциялардың себептері мен реформалардың қоғам дамуындағы баламалы жолын;
қоғамдағы жаңа әлеуметтік құрылымды және оның реформалардағы қарама қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі рөлін;
ХІХ ғ.–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің даму үдерісін және негізгі ерекшеліктерді;
халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін;
ХІХғ.-ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуын, әлемдік ғылым мен көркем мәдениеттің маңызды жетістіктерін және оның жеке тұлғаның дамуына әсерін білуі тиіс;
Меңгеруі тиіс:
жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтай білуді;
саяси тарихтағы негізгі өзгерістерді талдай білуді;
тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және оларды талдай білуді;
тарихи үдерістер мен оқиғаларға, тарихи тұлғаларға сипаттама беруді;
тарихи оқиғаларға байланысты өз пікірін ашық айта білуді;
картамен және картографиялық, хронологиялық материалдармен жұмыс істеуді;
ғылыми-танымал және анықтамалық әдебиеттерден қосымша материалдарды пайдалана білуді меңгеруі тиіс.
106. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
шетелдердің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен құбылыстарды;
ХХғ.–ХХІғ. басындағы дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;
ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі факторларды;
ХХғ.–ХХІғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
ХХғ.–ХХІғ. басындағы маңызды әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын және саяси партиялар мен күштердің әлеуметтік негіздерін;
ХХғ.–ХХІғ. басындағы әлемнің негізгі аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды;
дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілерін және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
дүние жүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін сипаттау және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
ХХғ.–ХХІғ. басындағы халықаралық қатынастар дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс;
Меңгеруі тиіс:
ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің саяси және экономикалық дамуына сипаттама беруде тарихи карта мәліметтерін пайдалана білуді;
қажетті ақпараттарды тарихи деректерден өз бетімен іздей білуді;
тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерін талдауда қолдануды;
ХХғ.–ХХІғ. басында халықтар мен елдердің тағдырларына елеулі түрде әсер еткен саяси және қоғамдық қайраткерлерге, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға беруді;
шетелдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың бірізділігін анықтауды;
тарихи құбылыстарға тән белгілерін анықтауды, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыру және жіктеуді;
ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің тарихындағы оқиғалар, құбылыстар және процестерге жазбаша сипаттама беруді, өзекті мәселелер бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды меңгеруі тиіс.
108. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:
Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарауынан;
өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде араласуға дайын болуынан;
жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінен;
қайырымдылық, әділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;
көпмәдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсетуінен;
оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының мәселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
109. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:
әр түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына, тарихи тұлғаларға, оқиғаларға, үдерістерге салыстырмалы сипаттама беруінде;
тақырыптық синхрондық таблицалар жасап, оқиғалар мен фактілерді, құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра алуында;
мемлекеттік, тарихи құжаттар, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеп, соның негізінде шығармашылық жұмыстар, жобалар, рефераттар, шағын баяндамалар дайындауында;
қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;
тарихи оқиғалардың себеп-салдарын түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан баяндауында, өз бетімен ізденуінде;
тарихи талдау әдістерін меңгеруінде (тарихи деректер, болжамдар мен дәлелдерді зерделеу;
ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуында;
халықтардың тарихи мұралары туралы өз пікірлерін айта білуде;
ұлттық және діни өзгешеліктері бар өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасағанда халықтардың салт-дәстүрлері мен тарихы жайлы білімдерін;
тарихи деректерді саралау және талдау, өз бетінше тарихи құбылыстарға баға беру, өз пікірін білдіруде;
көпмәдениетті, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда тарихи тұрғыда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар жүйелері туралы білімдерін қолдану, мәдениетаралық өзара іс-әрекетке қатысу, өзге халық өкілдеріне толеранттық қарым-қатынасты қолдануы тиіс.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен оқу бағдарламасы
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Пәнді оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан үдерістер мен құбылыстардың, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысы, адам мен қоғам дамуы үдерісі туралы ғылыми білімді жүйелендіру. Азаматтық позицияны, жоғары адамгершілік қасиеттер мен отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Пәнді оқытудың міндеттері:
қазіргі қоғам мен адам өміріндегі қоғамдық ғылымның рөлін анықтау;
оқушылардың бойында әлемнің ғылыми картинасын қалыптастыру;
адам және адам өмірінің жоғары құндылықтар болып табылатынын түсіндіру;
гуманизм, этика, бостандық, демократия, әлеуметтік прогресс пен рухани құндылықтар идеалдары арасындағы өзара байланысты анықтау;
адам құқықтары мен жалпы ұстанымдарын білуге, оған баға беруге үйрету;
азаматтылықты, отансүйгіштікті, жауапкершілік пен түрлі ұлттар мен халықтарға деген сыйластық көзқарасты қалыптастыру;
этникалық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда төзімділікті сақтау;
қоғамдық даму заңдылықтарын білу негізінде құқықтық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Қазақстан Республикасының Ата Заңын, кодексін және басқа да заңнамалық актілерін білу;
ғылыми, құқықтық терминологияны түсіну, терминдерді қолдана білуге үйрету;
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту;
оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы мен пікірталасқа қатысу қабілетін дамыту;
жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби бағдар туралы түсінігін дамыту.
Пәннің базалық мазмұнын анықтау. 9 сынып оқушылары үшін «Адам. Қоғам. Құқық.» курсының мазмұнын іріктеу іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы және құзіреттілік тәсілдерге негізделген. «Адам. Қоғам. Құқық.» пәнінің мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтарға, демократизм принциптеріне, гуманизм мен ғылымилыққа негізделген. Бұл пәнді оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту үдерісінің әдістемесі мен ұйымдастырылуын анықтайтын әдіснамалық принциптерге сүйену қажет.
Пәнаралық байланыстар:
«Қазақ тілі мен әдебиеті»:
адам өміріне, сана мен ар-намысына, адамгершілік қасиеті мен адамдық парызына, адамның еңбек қызметіне оның табиғатқа әсеріне арналған көркем шығармаларды пайдалану;
«Дүниежүзі тарихымен»:
адамның, ру-тайпаның, сөйлеу құралы ретінде тіл мен сөздің пайда болуы, алғашқы қоғам мен мемлекеттердің, діни көзқарастардың, әлемдік діндердің және ұлттың қалыптасуы, ұлттық мемлекеттер және азаматтық қоғам туралы білім беру;
«Қазақстан тарихымен»:
қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен дәстүрі, мұсылман дінінің мәдениеттің дамуына әсері туралы білім беру, қазақтардың дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;
«Физикамен»:
жер құрылысы, уақыт, кеңістік пен материя туралы білім беру, физикалық процестердің адам мен қоғамға әсерін көрсету;
«Биологиямен»:
адам мен адам қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның өзара байланысы туралы білім беру;
«Географиямен»:
табиғи қор және оларды тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасының Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары мен халықаралық дәрежедегі табиғатты қорғауға арналған шаралар туралы білім беру.
Оқу жүктемесінің көлемі:
9 сыныпта аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат.
2 .9-сыныптағы Адам. Қоғам.Құқық. пәнінің базалық мазмұны
1.«Кіріспе», оқу пәнінің түсінігі мен өзіндік ерекшелігі.
2.«Әлемдегі адам» (8 сағат):
«Адам проблемалары» (3 сағат), «Адамның пайда болуы», адамның пайда болуының негізгі тұжырымдамалары, адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты;
«Адам өмірінің ерекшеліктері», адамның қажеттілігі мен қызығушылығы, адамның мүмкіндігі мен қабілеті, адам құндылықтары мен идеялы;
«Адам жеке тұлға ретінде», индивид, жекелік, жеке тұлға, жеке тұлға ретінде қалыптасу, мінезді, тәрбиені, өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру, адамның әлемдегі орны, адам өмірінің мәні;
«Адам және мәдениет» (2 сағат), «Адам іс-әрекеті», адам іс-әрекетінің жануар әрекетінен ерекшелігі, іс-әрекет құрылымы мен мотиві, іс-әрекет көптүрлілігі, шығармашылық әрекет және оның ерекшелігі, шығармашылық еңбек;
«Адам – мәдениет жасаушысы», мәдениет адам іс-әрекетінің нәтижесі ретінде, мәдениет және табиғат, мәдениеттің бірлігі мен көптүрлілігі, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі;
«Адам және адамдардың өзара әрекеттестігі» (2 сағат), «Адами қатынастар әлемі», қарым-қатынас байлығы, қарым-қатынас формасы мен мазмұны, тұлғааралық қарым-қатынас, қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас психологиясы, этикет, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастағы рөлі;
«Жеке тұлға және ұжым», ұжымдылық, жеке тұлғалылық, конформизм, адам әрекетіндегі қадір-қасиет, ілтипат, сыпайгершілік, әдептілік, сұхбат, пікірталас, өзара түсіністілік, қызметтестік, ынтымақтастық;
Қайталау (1 сағат).
3«Қоғам: оның қызмет етуінің негізгі салалары мен заңдылықтары» (15 сағат):
«Қоғам түсінігі» (2 сағат), қоғам – ерекше шындық ретінде, адам және қоғам, қоғам адамдардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі ретінде, қоғамның пайда болуының негізгі тұжырымдамасы;
«Қоғамдық өмірді ұйымдастыру», қоғам өзіндік дамушы жүйе ретінде, әлеуметтік институттар, қоғамдық өмірдің негізгі салалары;
«Қоғамның экономикалық өмірі» (3 сағат), «Экономика дегенеміз не?», қоғамның шаруашылық өмірінің негізі, экономикалық ресурстардың шектеулілігі, тұтынудың шексіздігі, экономикалық таңдау проблемалары, экономиканың негізгі проблемалары (қалай және кім үшін өндіру), өндірістің экономикалық ресурстары мен факторлары, қоғамдық өндірістің нәтижелері, экономикалық игілік түсінігі;
«Экономика және жеке меншік», жеке меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны, жеке меншік формасы, жеке меншіктің қазіргі заманғы түрлері, мемлекеттік жеке меншік және оның экономикалық жүйені дамытудағы рөлі, экономикалық жүйе түрлері, дәстүрлі экономикалық жүйе, командалық экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе;
«Нарықтық экономика және ақша», ақшаның мәні мен қызметі, ақша формасының эволюциясы, қаржылық айналыс заңы, қаржы жүйесі және оның элементтері, қаржы реформасы, нарықтың мәні мен қызметі, нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымы, нарықтық экономика және оның негізгі сипаты, нарықтық қайта құрудың қазақстандық моделі;
«Қоғамның әлеуметтік құрылымы» (3 сағат), «Әлеуметтік қатынастар», адамның өзін-өзі ұстауының әлеуметтік нормасы, әлеуметтік құрылым, қоғамның әлеуметтік құрылымы, оның элементтері, әлеуметтік институттар, «әлеуметтік мәртебе» және «әлеуметтік рөл» түсінігі, әлеуметтік дифференцация түсінігі, әлеуметтік ұтқырлық;
«Қоғам және отбасы», отбасының шығу тарихы, отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшелігі, отбасы мүшелерінің әлеуметтік міндеттері, қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі мен мәні;
«Ұлттар мен ұлтаралық қатынастар», ұлттың шығу тарихы (этнос, халық, ұлт), ұлттық сана, ұлтаралық келісім, Қазақстанның Ұлттық Бірлігінің доктринасы;
«Қоғамның саяси өмірі» (3 сағат), «Қоғам және саясат», саясат түсінігі, саяси қызмет және оның ерекшелігі, саяси қызмет субъектілері, қоғамның саяси жүйесі;
«Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі», мемлекет –саяси жүйенің басты институты, мемлекеттік билік, құқықтық мемлекет;
«Азаматтық қоғам», азаматтық қоғам түсінігі, азаматтық қоғамның шығу тарихы, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық позициясы;
«Қоғамның рухани өмірі» (3 сағат), «Қоғамның рухани негізі», адамның рухани өмірі, жеке тұлғаның рухани мәдениеті, дүниетаным, наным, сенім. мораль және адамгершілік, ізгілік (гуманизм);
«Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі», білімнің мәні мен құндылығы, адамның кәсіби бағдары, білімнің адам мен қоғамды дамытудағы маңызы, ғылыми білімнің құндылығы, әлемнің ғылыми бейнесі;
«Діннің қоғамдағы рөлі», діннің шығу тарихы, дін тарихи құбылыс ретінде, дін және қазіргі заман, төзімділік пен сана бостандығы рухани құндылық ретінде;
Қайталау (1 сағат).
4.«Адамның өміріндегі құқық» (10 сағат):
«Құқық және негізгі құқық негіздері түсінігі» (3 сағат), «Құқық және заң шығару», құқық түсінігі және оның белгілері, қоғам мен мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, құқықтың қайнар көздері, салт, дәстүр және құқық, заң жүйесі; Құқық пен заңнама арақатынасы. Заң және заңдылық акті. Заңның үстемділігі);
«Құқықтық қатынастар», құқықтық қатынас қоғамдық қатынастар формасы ретінде, құқықтық қатынастар субъектілері, құқық субъектілері және субъективтік міндеттер, құқықтық және әрекет ептілігі;
«Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік», заңдық жауапкершліктің құқықтары мен түрлері, құқықтық қатынастардың түрлері мен белгілері, кәмелеттік жасқа толмағандардың заңдық жауапкершіліктерінің ерекшеліктері;
«Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі заңы» (2 сағат), Қазақстан Республикасы конституциясының негізі, негізгі заң, халық - билік көзі, азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттері, конституцияның негізгі тараулары;
«Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары», Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес, сот төрелігі және сот жүйесі, жергілікті өкілділіктер және атқарушы органдар, биліктің салалық органдары;
«Қазақстандық құқықтың базалық саласының негізгі түсініктері» (4 сағат), азаматтық құқықтың негізгі түсінігі, азаматтық құқықтың ерекшеліктері, азаматтық құқықтың субъектілері, кәсіпкерлік түсінігі, заңды және жеке тұлға түсінігі, келісім шарттар түсінігі, жасөспірімдердің қатысуымен азаматтық-құқықтық қарым қатынастардың ерекшеліктері;
«Әкімшілік құқығының негізгі түсінігі», әкімшілік құқығының ерекшеліктері, әкімшілік құқық бұзулар, әкімшілік өндіріп алулар, әкімшілік өндіріп алу түрлері, кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі;.
«Еңбек құқығының негізгі түсініктері», еңбек құқығының ерекшеліктері (еңбек қатынастары, келісім шарты, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, еңбекақы, тәртіптік жазаға тарту), кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу;
«Қылмыстық құқықтың негізгі түсініктері», қылмыстық құқық ерекшеліктері, қылмыс түсінігі, қажетті қорғаныс түсінігі, қажетті қорғаныс шегін арттыру, қылмыстық жазалау түсінігі, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі;
Қайталау (1 сағат.;
5.Қорытынды қайталау (1 сағат).
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1.Пәндік нәтижелер.
2. 9 сыныптың соңында оқушылар:
антропогенез үдерісінің мәні мен ерекшеліктерін;
адамның шығу тегінің негізгі тұжырымдамаларын, адам өмірінің ерекшеліктерін, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін, құндылықтар мен идеалдарды;
қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын;
адам іс-әрекетінің құрылымы мен мотивтерін, түрлерін;
экономика және нарықтық экономика ұғымын;
қоғамдағы экономиканың ролін, өмірдің сапасы мен экономиканың өзара байланысын;
қоғамның әлеуметтік құрылысын, оның элементтерін;
қоғамның саяси жүйесін;
Қазақстан Респбуликасының негізгі заңы - Конституцияны;
қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;
Конституциялық кепілдемелерді;
мораль және адамгершілік ұстанымдарын;
қоғам дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы мәліметтері мен түсіндірмелерін;
Қазақстандық құқықтың негізгі салаларындағы басты ұғымдарды білуі тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: |