ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Негізгі орта білім беру деңгейінің
«Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(5–9-сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 79 б.
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.
Қойылған мақсаттарға сай пәнді оқытудың келесі міндеттері орындалуы тиіс:
оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;
Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;
оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;
оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
Келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
«Дүние жүзі тарихымен»:
Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі;
Қазақстан тарихын оқытқанда көршілес мемлекеттердің тарихымен байланысты қарастырылатын ортақ мәселелерді қарастыру;
«Географиямен»:
Қазақстан территориясының және шекарасының анықталу кезеңі;
Қазақстан территориясында әкімшілік-территориялық реформалардың жүргізілуі;
Қазақстан территориясының ландшафты, климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, пайдалы қазбаларын зерттеген түрлі экспедициялар қызметі;
«Қазақ әдебиетімен»:
Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының көркем шығармаларды жазуда тарихи оқиғалармен байланыстыруы;
ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының шығармашылықтарын білу;
«Орыс әдебиетімен»:
орыс ақын-жазушыларының шығармаларында қазақ қоғамының көрініс табуы;
орыс ақын-жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының өміріне байланысты зерттеу материалдарын білу;
«Бейнелеу өнерімен»:
бейнелеу өнерінің дамуы;
қазақтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы;
ХVІІІ – ХІХ ғғ. суретшілер еңбегіндегі Қазақстан тақырыбы;
«Музыкамен»:
музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы;
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды баяндауда музыкалық шығармалардың дерек көзі ретінде қызметі;
музыка өнерінің тарихы, әнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы.
Оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат.
2. Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны
Кіріспе (1 сағат).
«Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
(9 сағат):
алғашқы адамдардың пайда болуы, адамның шығу тегі туралы ежелгі адамдардың түсінігі, адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастар, Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы, адамдар тобыры – алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы;
ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары, тасты өңдеу әдісі, аңшылық, терімшілік;
алғашқы адамдардың өмірі, еңбек құралдарын жетілдіру, палеолиттен неолитке дейінгі еңбек құралдарын жетілдіру, ұлы мұздықтар, отты қолдану;
Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде (палеолит), төменгі және жоғарғы палеолит, Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің тұрақтары, еңбек құралдары, «саналы адамдардың» пайда болуы;
рулық қауымның пайда болуы (аналық ру, көсемдер, ақсақалдар);
Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде (мезолит), орта тас дәуірінің ерекшеліктері, микролиттердің пайда болуы, садақ пен жебенің пайда болуы, олардың адамдар өміріндегі маңызы;
мезолит дәуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер (мұздықтардың еруі, күннің жылынуы), жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіндегі өзгерістер, Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары;
Қорытындылау.
«Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, Еңбек бөлінісі» (9 сағат):
мезолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер, рулық қауымның нығаюы, рулардың тайпаларға бірігуі, егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, еңбек бөлінісі;
Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі, мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу;
қыш өндіру кәсібінің пайда болуы (қыш ыдыстар дәуірі), тоқыма өнері, тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары;
неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы;
мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия;
энеолит дәуіріндегі еңбек құралдарын жетілдіру қоғамдық еңбек бөлінісі, патриархаттың бекітілуі, Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары;
алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы ой-пікірлері (әлем туралы аңыздар), білімді жинақтау және дамыту, діни наным-сенімдер (анимизм, тотемизм, фетишизм, магия – алғашқы діни түсініктер);
«пұтқа табынушылық», құдай мен рухқа сену, өнердің тууы, тастағы суреттер;
қорытындылау.
«Қола дәуіріндегі Қазақстан» (7 сағат):
қола дәуіріндегі Қазақстан, қола дәуірінің ерекшеліктері, қола – мыс пен қалайының қоспасы, қоладан жасалған еңбек құралдары, Қазақстан территориясындағы мыс пен қалайы кен орындары, қола дәуірінің кезеңдері (ерте, орта және кейінгі);
андронов мәдениеті, Қазақстандағы андронов мәдениетінің қоныстары, андрондықтардың шаруашылығы мен тұрмысы, баспанасы;
қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер, климаттың өзгеруі, отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, кетпенді егіншілік, қыш ыдыс кәсібі, зергерлік өнер, А.Х. Марғұлан және т.б., Беғазы-Дәндібай мәдениеті;
қоғамдық құрылысы, жеке меншіктің пайда болуы;
қорытындылау.
«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» (9 cағат):
көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы, отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу, тебіндік жайылым, төрт түлік мал;
киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы және жасауы), отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықтар;
көшпелі мал шаруашылығы өмір сүрудің негізі, дәстүрлі мал шаруашылығындағы көшіп-қону, жайылым түрлері (көктеу, жайлау, күзеу, қыстау);
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер, сақтар (сақтардың қоныстануы, сақ қоғамы, сақтар туралы алғашқы деректер), сақтар жайлы Геродоттың айтқандары, сақтар парсы жазбаларында;
сақ тайпаларының қоныстануы, (тиграхауда, парадарайя, хаомаварга сақтары), сақтар қоғамының құрылымы;
сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы, сақтардың шаруашылығы мен тұрмысына сипаттама, мал шаруашылығы және егіншілік, темірді пайдалану;
сақтардың тәуелсіздік үшін күресі, Қазақстан аумағына парсы әскерлерінің басып кіруі, сақ патшасы Томиристің парсы патшасы Кирге қарсы күресі, Шырақтың ерлігі, Александр Македонский әскеріне қарсы сақтардың күрес);
сақ мәдениеті, сақ ескерткіштері (Есік және Бесшатыр қорғаны, «Алтын адам» – сақтардың зергерлік өнері, «Аңдық стил);
сақ қорғандары (болжамдар, жұмбақ жайлар және жаңалықтар), «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көне патша қорымдары мен қорғандарын кешенді түрде зерттеу.
«Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар» (15 cағат):
үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер, үйсін тайпалары, үйсіндердің қоныстанған жерлері, үйсіндердің қоғамдық құрылысы, гуньмо – үйсіндердің билеушісі;
үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, зергерлік өнер), Қарғалы диадемасы;
үйсіндердің салт-дәстүрі және діни наным-сенімі;
қаңлылар, қаңлылар тарихы туралы қытай және иран жазбалары, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері, (Қостөбе, Көк-Мардан, Пұшық- Мардан), қаңлылардың қоныстануы, қоғамдық құрылысы;
қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы, (егіншілік, мал шаруашылығы және қосалқы кәсіптер, металл өңдеу, сауда), қаңлылардың мәдениеті және діни сенімдері;
ғұндар, ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде, Мөде шаньюй – ғұн мемлекетінің негізін салушы, ғұндардың мемлекеттік құрылысы, ғұн тайпаларының бірігуі;
халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндардың Батысқа қоныс аударуы, ұлы әскербасы Аттила (Еділ) және оның жорықтары, ғұн жорықтарының маңызы, тарихи әдебиеттердегі ғұндардың бейнесі;
ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті (мал шаруашылығы, егіншілік, қоныстары, кәсіптері), қоғамдық құрылысы, мәдениеті, зергерлік бұйымдар, «Полихром стилі»;
сарматтар, сарматтардың қоныстануы, савромат, дай тайпалары, сарматтардың қоғамдық құрылысы, әскери демократия, әлеуметтік теңсіздік;
сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті), археологиялық ескерткіштері, сынтас;
қорытындылау.
«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары» (7 cағат):
ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан, Сарыарқа – Ұлы дала, Сарыарқа тұрғындары – аргипейлер, исседондар, шаруашылығы, маусымдық жайылымдар, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер, Тасмола археологиялық мәдениеті, «Мұртты» қорғандар;
ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан, табиғи-климаттық ерекшеліктері, савроматтар мен аргиппейлер – Солтүстік Қазақстан тұрғындары, шаруашылығы, мал шаруашылығы және оның ерекшеліктері, археологиялық ескерткіштер, металл өңдеу;
ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, табиғи-климаттық жағдай және елді мекендер, Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы, Шығыс Қазақстан мәдениеті, «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде ежелгі қалашықтар мен қорымдарға жүргізілген археологиялық зерттеулер;
қорытындылау.
«Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері» (7 cағат):
көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім), Ұлы Жібек жолы, аңдық стильдегі өнер, ежелгі металлургия орталығы, мемлекеттік басқару жүйесі, жерлеу әдісі, руна жазуы, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк жазуы. Эпос);
көшпелілердің киімдері, ат әбзелдері, көшпелілердің сауыт-саймандары мен қару-жарақтары;
ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі, мәңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрес, адамзаттың табиғатпен байланыста өмір сүруі, тепе-теңдік, өмірге құштарлық;
көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері, тәңір, табиғат және ата-баба рухына табыну, жерлеу рәсімдері;
ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты, антропология деген не, қола дәуіріндегі адамдардың антропологиялық сипаттамасы, ерте темір дәуіріндегі адамдардың антропологиялық типі;
21. Қорытынды қайталау (4 сағат).
Оқу пәнінің 7- сыныптағы базалық білім мазмұны
1. Кіріспе (1 сағат):
Дәуірге сипаттама, орта ғасыр ұғымы, орта ғасыр кезеңдері.
2. «Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан» (11 cағат).
3.«Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер»
(6 сағат):
түрік қағанатының құрылуы (жер аумағы, халқы, шаруашылығы және мәдениеті), Ақыртас – ерте орта ғасырдағы қағанат орталығы;
Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы);
Түргеш қағанаты, Түргештердің шығу тегі, Түргеш қағанатының құрылуы, сыртқы саясаты, шаруашылығы және мәдениеті, соғдылықтар Жетісуда;
қарлұқ мемлекетінің құрылуы, (жер аумағы, халқы, шаруашылығы, саяси жағдайы, мәдениеті, түрік жазуының пайда болуы), қағанаттың ыдырауы, Суяб – қарлұқтардың астанасы;
оғыз мемлекетінің құрылуы (оғыз тайпаларының қоныстанған жер аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы), Қазақстан аумағындағы оғыздар, олардың шаруашылығы, кәсібі мен қолөнері, Оғыз мемлекетінің ыдырауы, Жанкент – оғыздар астанасы;
қимақ мемлекетінің құрылу, қағанаттың қоғамдық және саяси жағдайы, этникалық және тайпалық құрамы, қимақ мемлекетінің ыдырауы, қимақтардың мәдениеті мен кәсібі;
қорытындылау.
4.«VІ – ІХ ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті» (5 сағат):
көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері, қалалар мен қоныстар, қала ғимараттары (кесенелер, мешіттер);
көшпелілердің материалдық мәдениеті, оның ерекшеліктері, қолөнер кәсібі (керамикалық бұйымдар мен ыдыстар жасау, металлургия және металл өңдеу), сауда, ақша,
сәулет және өнер (архитектуралық құрылыстар, сәндік-қолданбалы өнер);
халық ауыз әдебиеті, жазу және дін (халық ауыз әдебиеті, тіл және жазу, көне түркі жазуы, араб жазуы), діни наным-сенімдер;
қорытындылау.
5. «Орта ортағасырлардағы Қазақстан» (31 cағат).
6. «Орта ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттердің құрылуы» (4 сағат):
Қарахан мемлекеті, мемлекеттің құрылуы, жер аумағы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы, жер иелену түрлері, мәдениет, ислам дінін қабылдауы;
наймандар, керейіттер, жалайырлар (тайпалардың орналасуы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы, тайпа одақтарының өзара қатынастары);
Жетісудағы Қарақытайлар, қоғамдық-саяси құрылысы, алым-салық жүйесі, сыртқы байланыстары;
Қыпшақ хандығы, этникалық құрамы, жер аумағы, шаруашылығы, саяси құрылымы және сыртқы байланыстары.
28. «Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы» (4 сағат):
Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі, керуен жолдарының қиылысында орналасқан қалалардағы экономика мен сауданың дамуы;
Жібек жолының Қазақстан территориясынан өтетін басты бағыттары (Жетісу – Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы. Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын негізгі жолдарының бірі);
Ұлы Жібек жолының мәдениетті дамыту және халықтар арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі;
Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Ұлы Жібек жолының Жетісу аумағындағы керуен жолы тармақтарын зерттеу).
29. «Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті» (7 сағат):
қалалардың дамуы (Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Сайрам, Сығанақ және т.б. қалалар), қала құрылысындағы сәулет өнері өзгерістері, қорғаныс құрылысы, қоғамдық құрылыстар, цитадель, базар алаңы, сәулет өнері ерекшеліктері, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалаларды зерттеу);
қолөнер мен сауданың дамуы, үйге қажетті заттарды жасау, ұсталық кәсіп, зергерлік өнер, сауда және ақша айналымы;
сәулет өнері мен құрылыстың дамуы, сәндік-қолданбалы өнер, оның ерекшеліктері, кесенелер, мешіттер, моншалар («Мәдени мұра» бағдарламасы аясында орта ғасырлық сәулет өнерінің дамуын зерттеу);
дін және мәдениет, діни наным-сенімдер, ислам діні мен араб жазуының ғылым мен мәдениетке тигізге ықпалы, Отырар кітапханасы, ғылым мен мәдениеттің өркендеуі (математика, философия, музыка, жаратылыстану, тіл білімі және т.б.), халық медицинасы;
ғылым мен білімнің дамуы (тіл, ғылым мен әдебиет), түркі тілдес халықтардың ғылым мен мәдениет жолындағы көрнекті қайраткерлері (Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Ахмет Йасауи);
Махмуд Қашғари, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұн («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың құрылысы және әл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер);
қорытындылау.
30. «ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (10 сағат):
монғол империясының құрылуы, монғол империясының қоғамдық құрылысы, монғол-татарлар жаулаушыларының Қазақстанға шапқыншылығы, халықтың Шыңғыс хан әскеріне қарсы қаһармандық күресі, Отырар қорғанысы, монғол ұлыстарының құрылуы (Жошы мен Шағатай ұлысы), монғол шапқыншылығының зардаптары;
Алтын Орданың құрылуы, Алтын Орданың күшеюі, Алтын Орданың қоғамдық құрылысы;
Ақ Орда, Ақ Орданың дербестік алуы, жер аумағы мен этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы;
Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы;
Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары;
Ноғай Ордасы, жер аумағы және этникалық құрамы, Сарайшық қаласы – ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ноғай ордасының әкімшілік, экономикалық, сауда және мәдениет орталығы, мемлекеттің ыдырауы, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірді мекендеген тайпалардың этникалық құрамы, орналасқан жері, ішкі және сыртқы жағдайы;
Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы;
Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердің әкімшілік құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану және алым-салықтар;
экономикалық жағдайы, мал шаруашылығы және егіншілік, қалалар және қоныстар, қолөнер;
қорытындылау.
31. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер. Қазақ ұлтының қалыптасуы» (2 сағат):
Қазақстандағы этносаяси үдерістер, халықтардың этникалық құрамы, этносаяси қауымдастықтардың қалыптасуы, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы;
қазақ жүздері, «Алаш» және «жүз» этнонимдері, қазақ, өзбек халқының бөлінуі, «қазақ» этнонимінің шығуы туралы.
32. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (4 сағат):
материалдық мәдениет, баспана, киім-кешек, әдет-ғұрыптар мен салттар, қалалықтардың өмірі мен тұрмысы, қолөнер және үй жиһазын жасау, зергерлік бұйымдар, сауда;
рухани мәдениет, халық ауыз әдебиеті (ертегілер мен аңыздар, ақындар айтысы, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер), жазу, білім, музыка өнері, қазақ билері мен күйлері, жыршылық өнер және жыраулар, бақсылық, халық медицинасы, әлемнің пайда болуы туралы халықтың түсінігі;
қалалық сәулет өнері (кесенелер, Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі, Көк-кесене), сәндік-қолданбалы өнер;
қорытындылау.
33. «Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан. Біртұтас мемлекеттің құрылуы» (22 cағат).
34. «Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы» (3 сағат):
қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары, Керей мен Жәнібектің қызметі;
мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек (жер аумағы, халықтың этникалық құрамы), көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы;
қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, хандықты басқару ісі және сыртқы байланыстар, біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы.
«Қазақ мемлекетінің ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі» (4 сағат):
Қасым хан, Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетінің күшеюі, Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты, жер аумағының кеңеюі, халықтың өсуі, Қасым хан заңдары, Қасым хан – қазақ жерлерін біріктіруші;
Хақназар хан, Хақназар хан тұсындағы қазақ мемлекетінің қуаттылығы мен саяси өрлеуінің артуы, Хақназар ханның ішкі және сыртқы саясаты;
Тәуекел хан, Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы, қазақ-өзбек қатынастары, орыс мемлекетімен байланыстар;
Есім хан, Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты, елдегі ішкі тартыстар және Тұрсын ханның бүлігі.
«ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (4 сағат):
қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы, дәстүрлі басқару жүйесі, қазақ ханы, халықтың әлеуметтік құрылымы);
шаруашылығы, көшпелі мал шаруашылығы, көшпелі шаруашылықтың ерекшіліктері, егіншілік, қолөнер, көшпелілер өркениеті;
қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және оның себептері;
қорытындылау.
«ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан» (3 сағат):
қазақ хандығының әлсіреуі, ішкі қайшылықтардың өршуі, орталық биліктің әлсіреуі, сыртқы жағдайдың қазақ хандығының әлсіреуіне тигізген ықпалы;
Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары, «Жеті жарғы», ұлы билер, Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты;
қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, қазақ-жоңғар қатынастары, Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары.
«ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (7 сағат):
қазақ халқының мәдениеті, материалдық мәдениеттің жалпы сипаттамасы, киім-кешек. ұлттық тағамдар;
қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, қазақ фольклоры (ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер);
батырлық және лирикалық эпос, әлеуметтік -тұрмыстық дастандар, салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;
тарихи әдебиет (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», Қадырғали Жалайри және оның «Жами ат-тауарих» еңбегі);
әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, ақын-жыраулар шығармашылығы, халық әншілері мен сазгерлері, музыка өнері, Доспамбет пен Жиембет жыраулар.
39. Қорытынды қайталау (4 сағат).
5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
ХҮІІІғасырдың басынан 1914 жылға дейін.
«Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы (15 сағат):
ХVІІІ ғ. ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығы, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-башқұрт және қазақ-қалмақ қатынастары;
ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы, жоңғар хандығы туралы жалпы мәліметтер, жоңғар шапқыншылығының себептері, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама....» жылдары;
қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі, қазақ жасақтарының құрылуы, Аңырақай шайқасы, қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырлары (Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Райымбек, Наурызбай, Малайсары), ХVІІІ ғ. 30- 40 жж. қазақ-жоңғар соғыстары;
Кіші жүздің Ресейге қосылуы, ХVІІІ ғ. дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы, Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуының басталуы, Әбілхайыр хан, А.И.Тевкелев елшілігі, Орынбор экспедициясы;
ХVІІІ ғ. ортасындағы қазақ хандығы, Ресейдің Қазақстандағы ХVІІІ ғ. 30- 50 жылдарындағы саясаты, қазақ жерлерінің тартып алынуы;
Қазақстанда казак отарлауының күшеюі және әскери шептердің кеңейтілуі, Қазақстанда ХVІІІ ғ. 40-жылдарында ішкі саяси жағдайдың иеленісуі;
Абылай тұсындағы қазақ хандығы, Абылай хан (тұлға және саясаткер), Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты;
қазақтардың 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, Кіші жүздегі жер мәселесінің шиеленісуі (көтерілістің басталу себептері, кезеңдері және барысы, жеңіліске ұшырауы), Көктемір қозғалысы;
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (қозғалыстың себептері, әлеуметтік негізі, кезеңдері, барысы және нәтижелері), О.Игельстром реформалары. ХVІІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы;
ХVІІІ ғ. Қазақстан мәдениеті (қазақтардың материалдық және рухани мәдениеті), халық ауыз әдебиеті (Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және т.б.), Қазақстан тарихын, этнографиясын, географиясын ресейлік ғалымдардың зерттеуі, ғылыми экспедициялар;
қорытындылау.
«ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (14 сағат):
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері, «Сібір қырғыздары туралы Ереже», «Орынбор қырғыздары жөніндегі Ереже» (Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы);
Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару, әкімшілік басқару мен территориялық бөліністің жалпы сипаттамасы, ішкі және сыртқы округтардың құрылуы, салық жүйесінің құрылуы, сот реформасы;
Қазақстандағы ХІХ ғ. бірінші жартысындағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты, Қазақстандағы отарлық биліктің нығаюы, әскери бекіністер мен шептер салу арқылы отарлау;
Ақмола тарихы, Ақмоланың негізінің салынуы, Ақмола туралы алғашқы мәліметтер, Ақмола – сауда және мәдениет орталығы;
Бөкей хандығы, Бөкей хандығының құрылуы (территориясы, шаруашылығы, әкімшілік және саяси жағдайы), Бөкей және Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы;
1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы қазақтар көтерілісі (көтерілістің себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары), көтеріліс жетекшілері (Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы), көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы;
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары, Жоламан Тіленшіұлы (1822-1825 жж.), Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы (1825-1836 жж.) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар (себебі, қозғаушы күші, көтеріліс барысы), көтерілістердің қорытындылары, тарихи маңызы;
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, мақсаты және қозғаушы күштері), негізгі кезеңдері және қозғалыстың басталуы;
Кенесары Қасымұлы (тұлға және саясаткер), Кенесары хандығы;
Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің шешуші кезеңі, патша үкіметінің ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушыларға қолданған жазалау шаралары, Кенесарының өлімі, көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы;
қорытындылау.
«Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40-60 жж.) (6 сағат):
ХІХ ғ. 40-60 жж. Ресей және Ортаазиялық мемлекеттер, ХІХ ғ. 40 – жылдары қазақтардың Қоқан, Хиуа және Ресеймен қарым-қатынастары, Ресей империясы әскерлерінің Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және Орта Азияны жаулап алуы;
Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы, Жетісуды отарлау тәсілдері, бекіністердің салынуы, қалалардың (Қапал, Верный, Лепсі, Талғар, Есік) негізінің қалануы, патша әскерлерінің Әулиеата, Шымкент және т.б. қалаларды жаулап алуы, қоқандықтардың Жетісудан ығыстырылуы;
Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы, Қазақстандағы патша әкімшілігінің отарлау саясатының күшеюі, Қазақстан аумағындағы (Жайықтық, Сібірлік, Орынборлық және Жетісулық) казак әскерлері, Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы;
қазақ халқының Хиуа үстемдігі мен патша әкімшілігінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресі, Сырдария қазақтарының экономикалық жағдайының нашарлауы, Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісі (себептері, барысы, тарихи маңызы);
қорытындылау.
«Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті» (6 cағат):
Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті (шаруашылығы, қазақтардың тұрмысы мен тұрғын үйлері, қолөнер, еңбек құралдары, соғыс қарулары мен сауыт-саймандары), архитектуралық ескерткіштері, қала мәдениеті;
Қазақстандағы халық ағарту ісі, мұсылмандық білім беру жүйесі (мектептер мен медреселер), орыс тілінде оқытатын оқу орындары («Азиялық мектеп»,әскери оқу орындары);
Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, географиялық зерттеулер, Қазақстанның тарихи және этнографиялық зерттелуі, жер аударылған басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанды зерттеудегі рөлі;
қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері (Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Нысанбай Жаманқұлұлы);
музыка өнері, музыка және айтыс өнері (жыраулар, сазгерлер,ақындар);
қазақтардың рухани мәдениеті, дін, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық мейрамдар.
«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан» (12 cағат):
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар, Қазақстанда реформа жүргізудің себептері, дала комиссиясы (1865-1867жж.);
1867-1868 жылдардағы «Басқару туралы уақытша ережелер», облыс, уезд, болыс және ауылдардағы әкімшілік басқарудағы өзгерістер;
Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты, орыс шаруаларының Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударуы, қазақтардың құнарлы жерлерінің тартып алынуы, олардың ығыстырылуы;
Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік- экономикалық дамуы, қазақтардың көшпелі шаруашылығындағы өзгерістер, өндіріс орындарының және жұмысшылардың пайда болуы, Қазақстан өнеркәсібіне ресейлік капиталдың енуі, темір жолдардың салынуы, қалалар, сауда, жәрмеңкелер, ресейлік банк бөлімшелерінің пайда болуы;
1860-1870 жылдардағы азаттық күрес, Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістердің себептері мен барысы, Маңғыстаудағы көтеріліс, патшаның жазалаушы әскерлерінің азаттық күрестің негізгі ошақтарын басуы, көтеріліс қорытындылары мен маңызы;
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар, 1886 -1891 жылдардағы «Басқару туралы ережелер...», Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтары, реформалардың мазмұны мен салдары;
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-қытай қатынастары, сауда қатынасының дамуы ( Бұқтырма, Петропавл, Семей бекіністерінің Шыңжаңмен сауда жүргізетін орталықтарға айналуы), Жетісуға ұйғырлар мен дұңғандардың қоныс аударуы;
қорытындылау.
«Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті» (7 cағат):
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанды зерттеу (Семенов–Тянь–Шанский, Г.Н.Потанин, В.В. Радлов зерттеулері), өлкені этнографиялық зерттеу ( М.Шорманұлы, М. Бабажанұлы, А.Диваев);
1860-1870 жылдардағы оқу-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар, 1860 -1870 жылдардағы Қазақстандағы жер аударылған революционерлердің қызметі, кітапханалардың ашылуы, діни және зайырлы білім беру мекемелері, жадидиттік және жаңа әдістемелік мектептер;
Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж) – қазақтың ұлы ғалымы, Ш.Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметі, Қашғарияға саяхаты, Ш.Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдары;
Ы. Алтынсарин (1841 – 1889 жж.) – ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері, Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, халық ағарту саласындағы қызметі, ғылыми-этнографиялық зерттеулері, «Қырғыз хрестоматиясы»;
Абай Құнанбайұлы (1845-1904 жж.), Абайдың өмірі мен шығармашылығы, Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, Абай – аудармашы;
бейнелеу өнері және музыка, белгілі суретшілердің шығармаларындағы Қазақстан тақырыбы (Т.Шевченко, В.Верещагин, Н.Хлудов), музыка өнері, қазақ күйшілері (Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Даулеткерей Шығайұлы және т.б.);
қорытындылау.
«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» (8 cағат):
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы, 1897 жылғы І Бүкілресейлік санақ, халық санының динамикасы, халықтың этникалық құрамы;
ХХ ғ. басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы, қазақтардың көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныстануы;
ХХ ғ. басындағы Қазақстан өнеркәсібіндегі шетел капиталы, өңдеу, тау-кен өндірісі және тасымалдау, қалалар, сауда, жәрмеңкелер, темір жолдардың құрылысы;
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай, 1905-1907 жж. революция кезіндегі жұмысшылар және аграрлық қозғалыстар;
ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті, білім, ағарту, ғылым, әдебиет, музыкалық өнер, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен өнері.
қорытынды қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |