Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің


Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық мазмұны



бет2/7
Дата28.07.2017
өлшемі1,5 Mb.
#22287
1   2   3   4   5   6   7

6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық мазмұны


  1. ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезге дейін.

  2. «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» (6 сағат):

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер, Қазақстандағы панисламизм және пантүркішілдік, Қазақстандағы ұлттық- демократиялық қозғалыстар, Мемлекеттік Дума жұмысына қырғыз (қазақ) облыстарынан өкілдердің қатысуы (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М. Шоқай), саяси басылымдардың дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы);

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 ж. 25 маусымдағы «бұратаналарды» тыл жұмысына алу туралы Жарлық, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі кезеңдері, таралған аудандары, әлеуметтік негізі;

қозғалыстың басшылары (А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, С.Меңдешов), 1916 ж. қазақтардың азаттық қозғалысында жеңілуі және қозғалыстың тарихи маңызы;

1917 жылғы революциялар аралығындағы Қазақстан, Ресейдегі 1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның қазақстандық қоғамға тигізген әсері, уақытша үкімет және билік құрылымын қайта құру, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңестерінің құрылуы;

Қазақстандағы бүкілресейлік саяси партиялардың қызметі, жалпықазақ съезінің шақырылуы (1917 ж. сәуір-шілде);

«Алаш» партиясы, Ресей кадет партиясының ұлттық филиалын құру әрекеті, «Қазақ» газеті және ұлттық-демократиялық қозғалыстар;

І Жалпықазақ съезі (1917 ж. шілде) және «Алаш» партиясының құрылуы, «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы, «Алаш» партиясының жетекшілері (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т. б.).


  1. «1917-1941 жылдардағы Қазақстан» (22 сағат):

Қазақстанда кеңестер билігінің орнауы, 1917 ж. Ресейдегі және Қазақстандағы қазан социалистік революциясы, Қазақстанда (Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария облысы, Жетісу және Бөкей ордасында) кеңес билігінің орнауы;

қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы, Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары;

Қазақстандағы ұлттық автономиялар, Түркістан (Қоқан) автономиясы, Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезі (1917 ж. желтоқсан), «Алаш» қазақ облыстары автономиясының құрылуы, «Алашорда Халық Кеңесі» үкіметінің қызметі;

Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарындағы (1918-1920 жж.), Қазақстандағы соғыс қимылдары, Чехословак корпусының бүлігі, Қазақстанда атаман Дутов бастаған соғыс қимылдарының басталуы, Қазақстандағы Колчак әскері, соғыс майдандарының құрылуы, Колчак әскерлерінің талқандалуы және соғыс майдандарының жойылуы (Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин);

Кеңес билігі мен «Алашорда» үкіметінің қарым-қатынасы, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің большевиктермен күресте жеңілу себептері;

«әскери коммунизм» саясаты, жер және өнеркәсіп орындарын ұлттандыру, «әскери коммунизм» саясаты (1918-1920 жж) (мақсаты және мазмұны), «әскери коммунизм» өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында, «әскери коммунизм» саясатының Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері мен салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық, Қазақстандағы шаруалар толқулары (1920-1922 жж.);

Қазақ кеңес мемлекеттілігінің құрылуы, Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстары, Қырревком (Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет) және оның қызметі, 1920 ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын (РКФСР құрамында) құру туралы» Декреті, Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі, «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясын» қабылдау және оның мазмұны;

Қырғыз (Қазақ) АКСР-ы аумағының қалыптасуы, 1920 ж. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның территориясы, Түркістан АКСР-і және Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік аумақтарының анықталуы, Жетісу және Сырдария облыстарының Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрамына енуі;

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921-1925 жж.), жер-су комитеттерінің құрылуы, оның қызметі және 1921 ж. жер-су реформасы, жаңа экономикалық саясат (мақсаты және мазмұны), Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат, жаңа экономикалық саясаттан бас тарту және оның қорытындылары;

1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру, Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың мәні мен ерекшелігі, Қазақстандағы табиғи байлықтарды зерттеу және игеру, Қ.И. Сәтбаев;

Қазақстандағы ірі кәсіпорындарының құрылысы мен ауыр өнеркәсіп, Түрксіб құрылысы, жұмысшы табының өсуі, бірінші бесжылдықтағы Қазақстандағы индустрияландырудың нәтижесі;

Қазақстандағы «Кіші Қазан», «Кіші Қазан» (мазмұны және тәжірибеде жүзеге асуы), ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу, жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлінуі, бай шаруашылықтардың тәркіленуі, Ф.И.Голощекиннің саяси портреті, 1926-1928 жж. қазақ зиялыларына қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі;

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, күштеп ұжымдастырудың сталиндік моделі, мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күштеп отырықшыландыру, Қазақстандағы ұжымдастырудың қарқыны және барысы, 1928-1930 жж. астық және ет өнімдерін дайындау науқаны, Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың экономикалық салдары;

1931-1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы;

қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау шаралары, ұлт зиялыларының ұжымдастыруды жүргізу тәсілдеріне қатысы және олардың қоғамдық-саяси көзқарастары, «Бесеудің хаты»;

1920-1930 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер, шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау, 1937 – 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары;

Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.);

1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті, халық ағарту ісі, ересектер арасындағы сауатсыздықты жою, қазақ жазуының араб әліпбиінен латынға ауысуы, орыс жазуы негізінде жаңа әліпбидің енгізілуі, ғылым, жоғары оқу орындары, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы (1932 ж.) және филиалы, Қ.Сәтпаевтың Қазақстан ғылымының дамуындағы орны мен рөлі, Қазақстандық ғалымдар және олардың ғылымдағы жетістіктері;

әдебиет (Ж.Аймауытов, А. Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердиев, М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, Б. Майлин, И. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин және т.б. шығармалары), өнер, театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері, мәдениет саласындағы кеңестік идеология (әдістері және салдары);

қорытындылау.



  1. «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» (6 сағат):

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ұлы Отан соғысының басталуы, Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери құрамалар;

қазақстандықтардың Мәскеу, Сталинградты қорғау шайқастарына, 1943-1944 жылдардағы шабуылдарға қатысуы, Кеңес әскерінің Еуропаны азат етуі, қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары;

Қазақстан – соғыс арсеналы, экономиканың соғыс жағдайына ауысуы, Ресей мен Украинадағы өнеркәсіп кәсіпорындардың Қазақстанға көшірілуі;

Қазақ КСР-нің әскерді және елді металл, шикізат, азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі, қазақстандықтар – тыл қаһармандары;

КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау, бірінші кезең – 1937-1938 жж., Қиыр Шығыстан кәрістерді, 1940 жылы поляктар мен Балтық маңы халықтарын депортациялау, екінші кезең – 1941 жылы немістерді депортациялау, үшінші кезең – 1943-1944 жылдары қарашайлар, ингуштер, шешендер, қырым татарларын және т.б. күштеп қоныс аудару;

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР-нің мәдениеті, Ресейлік ЖОО мен ғылыми мекемелерінің Қазақстанға көшірілуі, ғылым мен мәдениет – майданға, КСРО ҒА қазақстандық филиалы мен КСРО ҒА Қазақстан табиғи қорларын зерттеу бойынша Комиссияның қызметі;

әдебиет (М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д.Снегин, И.Шухов және т.б.), өнер, театр, кино, Мәскеу және Ленинград киностудияларының Алматыға көшірілуі, Қазақстандық кинематографияның қалыптасуы, «Қазақфильм» киностудиясы;

қорытындылау.



  1. «Қазақстан 1946 – 1991 жылдарда» (18 cағат):

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.», Қазақ КСР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, аймақтың табиғи кен-байлықтарын игеру және өнеркәсіптің дамуы, Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты құбылыстар;

Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты, Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір, Е. Бекмаханов ісі);

«Хрущев кезеңіндегі» Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, Қазақ КСР-і өнеркәсібінің дамуы, 1957 жылғы реформа (салалық принциптен аумақтық принципке ауысу, совнархоздардың құрылуы);

Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен, атомдық полигонның салынуы және Семейде ядролық сынақтардың жүргізілуі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы;

«Тың эпопеясы», Н.Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа курсы» және оның Қазақ КСР-де жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары;

1954-1965 жж. республикадағы қоғамдық-саяси өмір, 1950 жылдың ортасындағы сталинизмнен бас тарту әрекеті, «Хрущев жылымығы», Қазақстандағы билік басындағы дағдарыс, Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға;

Қазақстанның 1965-1985 жж. әлеуметтік-экономикалық дамуы, 1965 жылғы өнеркәсіптегі реформа, 8-бесжылдық (1966-1970 жж.) қорытындылары;

экономиканың шикізаттық бағыты, Қазақстан КСРО-ның түсті металл, отын-энергетика, химия өнеркәсібінің негізгі базасы ретінде, өндіріс дамуының экстенсивті сипаты;

ауыл шаруашылығындағы 1970-1980 жж., дағдарысты құбылыстар, ауыл шаруашылығын көтеруге бағытталған шаралар, 1982 жылғы азық-түлік бағдарламасы, өнеркәсіп озаттары, «Тоқырау» кезеңіндегі қазақстандықтардың материалдық жағдайы;

1965-1985 жж. саяси өмір және ұлттық саясат, саяси өмірдегі мәселелер, ауыртпалықтар және қарама-қайшылықтар, Қазақстан компартиясының қызметі, кәсіподақтар, комсомол, Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы;

ұлттық саясаттағы деформациялар, республикалардың егемендігінің шектелуі, 1979 ж. Целиноградтағы оқиға;

Қазақстандағы «Қайта құру», КОКП ОК-нің сәуір пленумы және қайта құру, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер;

Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы (себептері, барысы және салдары), КОКП ОК-нің (1987ж. шілде) «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» қаулысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалау шаралары;

1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы, Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері мен сипаты, «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жайлы Декларация» (1990 ж. қазан), 1991 жылғы «тамыз бүлігіне» дейінгі және одан кейінгі кеңестік саяси жүйедегі реформалар, КСРО-ның таралуы;

1946-1991 жж. әлеуметтік-демографиялық үдерістер, Қазақстандағы халық санақтары мен халық саны, этникалық құрамы, қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымы;

Қазақстандағы экологиялық мәселелер, атомдық, ракеталық және басқа да полигондар қызметінің салдары, экологиялық апат аймақтары, Арал және Балқаш мәселелері жөніндегі комитет;

Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» (СНЕК) ұлтаралық қозғалысы, 1991 жылғы Орал қаласындағы оқиға;

1946-1980 жылдардағы Қазақстандағы мәдениет, білім, міндетті сегізжылдық және жалпыға бірдей орта білім, білім беру жүйесінің мамандармен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, 1984 жылғы жалпы білім беру және кәсіптік мектептерді реформалау;

әдебиет (Ә. Нұрпеисов, Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М. Шаханов және т.б. Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М.Дулатов), ақын-жазушылардың мұраларының қайта жаңғыруы (1988 ж.), өнер, театр, кино, әдебиет және өнер салаларының идеологиядан арылуы);

қорытындылау.



  1. «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы» (16 cағат):

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан), Президенттік басқару институтының қалыптасуы, Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің сайлауы (1991 жыл 1 желтоқсан), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен наградалары, Қазақстан Республикасының Конституциялары;

Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы, қоғамдық қозғалыстар және ұйымдар, Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдері, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, социал-демократиялық және басқа саяси партиялар;

қоғамдық қоғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуының негізгі кезеңдері, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) құрылуы және қызметі, Қазақстандағы қоғамдық және кәсіподақ қозғалысы, қоғам қайраткерлері (О.Сүлейменов, М.Шаханов және т.б.);

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары, «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегиялары, «Қазақстан – 2030» стратегиясы» бүкіл қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын жақсарту, гүлденген және саяси тұрақты мемлекет орнату, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттар мен стратегиялық дамулар, «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, тарихи маңызы, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары;

1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация, бүкілодақтық интеграциядағы Қазақ КСР-ның орны және рөлі, жоспарлы экономиканың дағдарысы және нарыққа көшу, Қазақстанның табиғи ресурстары, экономикалық реформалардың стратегиясы, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық модернизацияның негізгі кезеңдері, экономиканың босатылуы (ырықтануы), ұлттық валютаның енгізілуі, Қазақстан экономикасының ғасырлар тоғысындағы тұрақтануы (1998-2011 жж.), Қазақстанның инвестициялық саясаты және шетелдік инвестициялар, банк жүйесі;

ХХІ ғасырдағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы, индустриалды-инновациялық стратегиясын дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы жасау, кәсіпкерлікті дамыту, кіші және орта бизнес, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігуі, әлемдік қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары;

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, 1990 жылдардағы дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік сала, 2000-жылдардағы әлеуметтік саланың дамуы, зейнетақы жүйесінің реформасы және зейнетақы қорлары, «жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы, тұрғын-үй құрылысы;

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі, Қазақстан Республикасын халықаралық аренада тануы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы негізгі басым бағыттары, Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы, Қазақстан Республикасының ядролық қарудан бас тартуы және оның тарихи маңызы;

Қазақстанның көрші елдермен байланыстары, Қазақстан және Ресей ынтымақтастығы, Қазақстан және Қытай халық республикасы (ҚХР);

саясаттағы көп векторлық және стратегиялық одақтастық (Қазақстан және АҚШ, Қазақстан және Еуроодақ елдері Қазақстан-Германия, Қазақстан-Франция, Қазақстан-Ұлыбритания байланыстары, Қазақстан және түркі әлемі елдері);

Қазақстан және халықаралық ұйымдар, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы, Қазақстан және ТМД), Қазақстан – БҰҰ-ның белсенді мүшесі, Қазақстанның Еуроодақ және ЕҚЫҰ-дағы ұстанымының нығаюы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на және Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуі;

Қазақстан Республикасының аймақтық халықаралық ұйымдармен байланыстары, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ОЭК және басқалармен интеграциялық үдерістер;

Қазақстан Республикасының білім жүйесін реформалау және ғылымды дамыту, Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдары мен заңы, Қазақстан Республикасының білім жүйесінің даму кезеңдері, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру, білім саласындағы халықаралық байланыстар, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы, 2007-2015 жж. Қазақстанда ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ұлттық ғылыми орталықтардың құрылуы;

ХХ ғасырдың соңы – XXI ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы, кеңес мемлекеті ыдырағаннан кейінгі қазақ мәдениетінің қайта жандануы және дамуы, Қазақстандағы ұлттық мәдениеттер байланысы;

әдебиет, музыка өнері, театр, кино өнері, XXI ғасырдың басындағы өнердің басқа да жанрлары, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, қазіргі ақпараттық мәдениет;

Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші Президенті, Н.Ә.Назарбаевтың саясаткер, ойшыл, қоғам қайраткері болып қалыптасуы, Елбасы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Президенттің рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы;

Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы, Астананың көшірілуі, жаңа Астананың құрылысы, жаңа астананың құрылуының тарихи маңызы.

Қорытынды қайталау.



7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


  1. Пәндік нәтижелер. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:

  1. тарих пәнін, археологиялық және жазба деректерді;

  2. ауа-райының адамдардың өміріне және шаруашылық қызметіне әсерін;

  3. уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды;

  4. алғашқы адамдардың тұрақтарын;

  5. ежелгі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды, тарихи тұлғаларды;

  6. тарихи Отан ұғымын;

  7. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді;

  8. мемлекет, мемлекеттік рәміздер тарихы туралы білуі тиіс.

  1. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:

  1. жыл мен ғасыр арақатынасын, тарихтағы жыл санаудағы ұзақтық пен жүйелілікті орната білуді;

  2. картадан тарихи объектілерді көрсете білу, географиялық жағдайды сипаттай алуды;

  3. ежелгі адамдардың кәсібін, өмірі мен тұрмысын суреттей алуды;

  4. ежелгі сәулет және өнер ескерткіштерін суреттей білуді;

  5. Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалардың өзара байланысын талдауды;

  6. оқу материалдарының мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуді, тарихи оқиғаға өз бағасын бере білуді;

  7. оқулықтағы мәтінінен негізгісін таба білуді;

  8. мәтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білуді;

  9. тарихи терминдерді қолдану және оларды түсіндіре білуді;

  10. басқа оқушылардың жауаптарына өз көзқарасын білдіруді меңгеруі тиіс.

  1. 7-8 сыныптың соңында оқушылар:

  1. ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуын;

  2. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін;

  3. моңғол және жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды;

  4. Қазақстан халқының мәдениеттегі жетістіктерін;

  5. ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді;

  6. жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін;

  7. ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайын;

  8. қоғамның әлеуметтік құрылымы мен басқару жүйесін, шаруашылығын;

  9. ұлт – азаттық қозғалыс тарихындағы маңызды оқиғаларды;

  10. ұйғырлар мен дұңғандардың Жетісуға қоныс аударуының себептерін;

  11. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мәдениетін білуі тиіс.

  1. 7-8- сыныптағы оқушылар білуі тиіс:

  1. орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндауды;

  2. тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білуді;

  3. түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді;

  4. хронологиялық, синхронды кестелер жасауды;

  5. орта ғасырлардағы қалалардың экономикалық, саяси және мәдени дамуын түсіндіре білуді;

  6. адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы діннің рөліне баға бере білуді;

  7. қоғамның мәдени және рухани дамуында ислам рөліне баға беруді;

  8. мәтінді талдау, негізгісін анықтай білуді;

  9. оқу мәтініне жоспар жасай білуді;

  10. маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи қайраткерлерге, әлеуметтік топтарға мінездеме бере білуді;

  11. күнделікті мәселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана білуді;

  12. аргументті түрде өз ұстанымын дәйекті дәлелдей алуды;

  13. хабарламалар мен баяндамаларды орындауды;

  14. тақырыпты оқып меңгеруі барысында тарихи картаны пайдалануды;

  15. берілген тақырыптың мазмұнына конспект құра білуді;

  16. тест сұрақтарымен жұмыс істеуді;

  17. өздігінен қосымша материалдар іздеуді (интернет, кітапхана және т.б.) меңгеруі тиіс.

  1. 9-сыныптың соңында оқушылар:

  1. отан тарихының біртұтастығы мен жүйелілігін сипаттайтын негізгі фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды;

  2. Отан тарихының кезеңдерін;

  3. Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері мен оның әлемдік қауымдастықтағы рөлін;

  4. тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты;

  5. қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын;

  6. Қазақстанның Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихи дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі және Азамат соғысы туралы;

  7. «әскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мәнін;

  8. қазақ мемлекетінің құрылуының басты кезеңдерін, ҚазАКСР мен ҚазКСР-ның құрылуын;

  9. Қазақстанда индустрияландыру мен ұжымдастырудың барысы және оның қазақ халқына тигізген зардаптарын;

  10. тоталитарлық мемлекеттің қалыптасуы және ұлт зиялыларына қарсы жаппай қуғын – сүргін туралы;

  11. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін;

  12. соғыстан кейін Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуын;

  13. тың және тыңайған жерлерді игеру себептері, оның Қазақстанға тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын;

  14. Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы туралы;

  15. Егеменді Қазақстанның дамуын білулері тиіс.

59. 9-сыныптағы оқушылар:

  1. белгілі бір тарихи тақырып бойынша кеңейтілген әңгіме дайындай білуді;

  2. қазіргі замандағы басты оқиғалардың себебін, тарихи маңызын өздігінен аша білуді;

  3. мемлекет саясатының мәнін түсіндіре алуды;

  4. жаңа тақырыппен өздігінен жұмыс істеуді, ізденіс жұмыстарын жүргізе алуды;

  5. оқыған тақырыбы бойынша өздігінен талдау жасап, ондағы негізгі мәселені таба білуді;

  6. мемлекет тарихындағы оң және келеңсіз құбылыстарға баға бере алуды;

  7. белгілі бір мәселелер бойынша өзіндік көзқарасын дәйекті дәлелмен білдіре алуды;

  8. тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;

  9. конспект, кесте, сызбалар құра білуді;

  10. тарихи деректерді (деректердің авторын, уақытын, не үшін және оның құрылу мақсатын анықтауды) талдай алуды;

  11. мәтін, карта, кесте, сызба және т.б. түрінде берілген тарихи материалдарды талдай білуді;

  12. тарихи мәліметтердегі фактілерді, пікірлерді, құжаттарды және тарихи түсініктерді айыра білуді;

  13. оқытылып отырған кеңістік және уақыт аралық аясындағы тарихи үдерістер мен құбылыстардың себеп – салдарлық байланыстарын орната білуді;

  14. тарихи мәселелерді талқылауда өз көзқарасын білдіруді, талқыланып отырған мәселеге тарихи мәліметтерді дәйектей отырып, өз ұстанымын айта білуді;

  15. тарихи материалдармен өздігінен жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, конспектілер, пікір жаза білуді;

  16. қазіргі өмір жағдайына байланысты тарихи құбылыстарды саралай отырып, өз ұстанымын анықтай білуді;

  17. сырттан алынған әлеуметтік ақпараттарды сыни қабылдауда тарихи талдай білу дағдыларын қолдана білуді;

  18. өз әрекеті мен айналасындағылардың әрекетін тарихи жағдайда қалыптасқан әлеуметтік мәселеге сәйкес салыстыра білуді;

60.Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;

  2. азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

  3. мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

  4. туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;

  5. салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;

  6. өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;

  7. үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;

  8. әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.

61. Жүйелі-іс әрекетте оқушылар:

  1. ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;

  2. ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы;

  3. танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;

  4. қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;

  5. жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.


«Дүниежүзі тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет