Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет7/7
Дата28.07.2017
өлшемі1,5 Mb.
#22287
1   2   3   4   5   6   7

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

48. Оқушылар 5-сыныптың соңында:



  1. адамның өзін-өзі тануы, жан сұлулығы, салауатты өмір сүруі және жақсылық, сөз, сенім, сабырлылық, ұстамдылық, адалдық пен әділдік, кеңпейілділік пен жомарттық, шығармашылық, еңбек, табиғат, өмір сияқты ұғымдар мен адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады;

  2. адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы терең түсініктерге ие болады;

  3. өзінің қайталанбас жеке тұлға екендігін сезінеді, өзгелердің жеке тұлға екендігіне құрметпен қарайды;

  4. өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізіп, өзіне қарасты объективті пікір білдіре алады;

  5. отбасында, өз айналасындағылармен рухани нормалар, адамгершілік қағидаттар негізінде бірлескен әрекетте достық қарым-қатынасты қолдайды; ұрыс-керіс, дау-жанжалдың жағымсыз екенін сезінеді, оларды жеңе алады, ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара әрекет ете алады;

  6. адамның гендерлік айырмашылығын ескере отырып, олардың әлеуметтік рөлі туралы түсініктерді біледі;

  7. өздігінен білім алады және өзін іс жүзінде көрсете біледі, өз бетінше шығармашылықпен айналысуға қызығушылық танытады, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін мейлінше жүзеге асыруға ұмтылады;

  8. басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаттарына, ұстанымдары мен сенімдерінде берік болады.

49. Оқушылар 6-сыныптың соңында:

  1. бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы білімдерін дамытады және ізгілік, ізденіс, әсемдік, әдептілік, бауырмалдық, жанашырлық, ынтымақ, бірлік, денсаулық, өмір, ақиқат, мәдени мұра сияқты ұғымдар мен адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады;

  2. адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы мағұлұматқа ие болады;

  3. әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейрімділік танытады, өзінің адамдарға жанашырлығын нақты көмек арқылы көрсете алады;

  4. дене және психикалық саулық үйлесімділігінің маңызын, салауатты өмір салтының мәнін түсінеді, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға тырысады;

  5. өзінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін сезінеді, өз уақытын жоспарлай алады;

  6. достық пен қарым-қатынасты бағалай алады, шыдамдылық танытып, реніш пен түсінбеушілікті кешіріп, басқа адамды тыңдай алады, түсіне біледі;

  7. түрлі жағдаяттарда өзін лайықты және жауапты ұстай алады, эмоциялық жай-күйін басқара алады, жағымсыз эмоцияларын, ниеттерін тежей біледі;

  8. дербес және жауапты шешім қабылдай алады және оны негіздей алады;

  9. өз әрекеттерін айналасындағы адамдардың іс-әрекеттерімен теңдестіре алады және бағалай біледі, әйгілі адамдар өміріндегі жақсы болуға көмектесетін құндылықтарды ажырата алады.

50. Оқушылар 7-сыныптың соңында:

  1. бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы терең түсініктерді және даналық, адалдық, келісім, шындық, бақыт, өмір, махаббат, сыр мен сымбат, ерік-жігер, дін, діл, мәдениет сияқты жаңа ұғымдарды біледі;

  2. адам мінезінің жағымды және жағымсыз сипаттарын, әрекеттері мен ниеттерін ажырата алады;

  3. қоршаған орта мен адам сұлулығын бағалай алады, өзінің оларға қатынасын шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;

  4. өзінің және өзге халықтар мәдениеті, дәстүрі, салты және тілінің маңызын түсіне біледі;

  5. жағымды қарым-қатынас жасау құндылығын түсінеді, өзін-өзі бағалай біледі және оны мұғалімнің, құрбыларының, таныстары мен жақындарының бағалауымен салыстыра алады;

  6. табиғат құбылыстарының адам өміріне әсерін біледі.

51. Оқушылар 8-сыныптың соңында:

  1. бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы терең түсініктерді және талап, жетістік, ана тілі, дос, достық, Отан, келісім, шындық, бақыт, өмір, махаббат сияқты жаңа ұғымдарды біледі;

  2. өзінің эмоциялық және психикалық жай-күйін басқара алады, жағымсыз эмоция мен әрекеттерді тежей алады;

  3. отбасылық дәстүрлерді біледі және құрметтей алады, өзінің отбасындағы рөлін түсініп, табыстары және жақындары мен отбасында достық қарым-қатынасты сақтай біледі, жауапкершілікті сезініп, қамқор бола алады;

  4. салауатты өмір салтына ықпал ететін түрлі дене әрекеттерін орындай алады;

  5. өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың мәнін түсінеді, жеке дара және ұжымда еңбек ете алады;

  6. рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес жеке мақсаттары мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтай алады;

  7. жағымсыз стереотиптер мен қатерлі әуестікті бағалай алады, жағымсыз әдеттердің (маскүнемдік, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану және т.б.) алдын алу тұрғысынан өз іс-әрекеттері мен өзінің шамасын бағалай алады;

  8. шығармашылықпен жұмыс істей алады;

  9. табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді және табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, табиғатты аялай біледі;

  10. қоғамда мінез-құлық ережелерін лайықты сақтай алады, өз қылықтары мен айналасындағылардың әрекеттерін бағалай алады;

  11. өзінің әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сезіне біледі, өз бетінше шешім қабылдай алады.

52. Оқушылар 9-сыныптың соңында:

  1. бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерді және ар, ұждан, ой, сөз, татулық, бақыт, табиғат, отбасы, өмір, өнер, шығармашылық, денсаулық ұғымдарын терең біледі;

  2. жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгереді және оны күнделікті өмірде қолдана алады;

  3. өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай біледі және сыни тұрғыдан бағалай алады, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алады;

  4. отбасындағы жағымды қарым-қатынас, ата-аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезінеді, оларға сүйіспеншілік, сыйластық, шыдамдылық таныта алады;

  5. өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінеді, өзінің келешек дене және рухани даму жолдарын анықтай алады, салауатты өмір салты мен сауықтыру әдістерінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана алады, шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болады;

  6. болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алады, өзінің жеке уақытын тиімді ұйымдастырып, ұтымды пайдалана алады;

  7. өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізеді және оны негіздей алады, өз пікірінен өзгеше айтылған пікірлерге шыдамдылық таныта алады;

  8. белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін бірін-бірі қолдаудың мәнін түсінеді, шамасына қарай жақындары мен достарына көмек, қолдау көрсете алады;

53. Бағдарлама негізінде «Өзін-өзі тану» пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне сай, оның пән мазмұнының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда түрлі дәстүрден тыс сабақтар (ойлану сабақтары, әңгімелесу сабақтары, театрланған сабақтар, шығармашылық сабақ, табиғат аясындағы сабақ, конкурс сабақ, фантазия сабақ, концерт сабақ, экскурсия сабақ, ойын сабақ және т.б.) өткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет