Синдром пайда болу және науқастың жағдайын сипаттайтын, бір-бірімен тығыз жалпы механизмдер арқылы байланысқан қайталанатын симптомдар жиынтығы.
Синдромдар қарапайым (кіші) және күрделі (үлкен) деп ажыратылады.
Бірінші жағдайға мысал ретінде тітіркенгіштік және шаршағыштықтың қосарлануымен көрінетін астениялық синдромды айтуға болады. Әдетте қарапайым синдромдар жеткілікті нозологиялық спецификалылыққа ие болмайды және әртүрлі аурулардың көрінісі болады – жеңілден (невроздар) бастап, өте қиын патологияларға дейін (органикалық психоздар).
Егер қарапайым синдром ауыр аурудың инициалды көрінісі ғана болса, уақыт өте келе оның күрделіленуін байқауға болады (сандырақ, галлюцинация, тұлғаның айқын өзгерісі сиақты симптоматиканың қосылуы), яғни күрделі синдромның қалыптасуы.