Паранойяльді синдром – бір тақырыпты сандырақ және жоғары дәрежелі жүйелілікпен сипатталады, аңду, қызғану, қызғану, кейде ипохондриялық, пәлеқор, зиян келтіру сандырақтар жатады.
Галлюцинациялар болмайды.
Сандырақ қабылдаудың қателіктерімен емес, шынайы деректерді паралогиялық түсінік беруден пайда болады.
Аса бағалы ойлардың ұзақ уақыт болуы кейде паранойяльды сандырақтың манифестациясына алып келеді.
Шизофрения, инволюционды психоз және паранойяльды психопатияның декомпенсациясы кезінде болады. Шизофрения кезінде паранояльды синдром ары қарай дамып паранойдты сандыраққа ауысуы мүмкін.