Кандинский- Клерамбоның психикалық автоматизм синдромы. - Оған міндетті түрде тән:
- Псевдгаллюцинациялар
- Әсер ету сандырағы
- Психикалық автоматизм
- Идеаторлы
- Сенсорлы
- Моторлы
Кататоникалық синдро́м (кататони́я) - Кататони́калық синдро́м — негізгі клиникалық көрінісі қимыл бұзылыстары болатын психопатологиялық синдром (синдромдар тобы). Катотониялық синдром құрамынада катотониялық қозу және катотониялық ступорды бөледі.
Кататониялық қозудың үш түрін ажыратады: - Кататониялық қозудың үш түрін ажыратады:
- Абыржу – патетикалық қозу- біртіндеп дамитын шамалы қозғалыс және сөйлеу қозуымен сипатталады. Сөзінде көп өтірік пен эхолалияда болуы мүмкін. Көңіл – күйі жоғары, бірақ, гипертимия сипатында емес экзальтация, кезеңді түрде себебсіз күлкі байқалады. Симптоматикасы жоғарлаған кезде гебефрениялық – гебефренно-кататониялық қозу пайда болады. Импульсивті әрекет болуы мүмкін. Сананың бұзылысы байқалмайды.
- Импульсивті кататониялық қозу жедел дамиды, қимылы қарқынды, жиі дөрекі және бүлдіргіш, коршаған ортасына қауіпті сипатта болады. Сөйлеуі жеке сөйлемдер мен сөздерден тұрады, эхолалия, эхопраксия, персеверация тән. Осы кататониялық қозу түрінде шегіне жетіп айқындалғанда қимылдары хаотикалық, хореиформды сипатқа көшіп, науқастар өзін –өзі зақымдауға бейім болады
- Мылқау (үнсіз) қозу – хаотикалық, мағынасыз, мақсатқа бағытталмаған агрессиямен қозу, ашуланып қарсыласады, өзіне және басқаларға ауыр қауіп төндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |