Деперсонализация сөзіне өзіндік сезінудің бұзылысы, МЕНінің өзгеру, жоғалту, бөтенсіну және екіге бөлінуі (раздвоение) сезімі деген анықтама беріледі.
Жеңіл жағдайлар жайлы айтар болсақ, науқастар ішкі өзгерістердің пайда болуын байқайды; нәтижесінде олар ойлары мен сезімдерінің өзгергені , «басқадай» болып кеткені, бұрыңғы ға ұқсамайтыны жайлы айтады.
Ауыр жағдайларда науқастар сезімдерін жоғалтқаны жайлы айтады, не бақыт, не мұңды сезбейтініне сендіреді. Біреулерде ол осы жоғалту қиналу сезімімен қатар жүрсе (anaesthesia psychica dolorosa), екіншілерінде қиналу сезімі болмайды (anaesthesia psychica).