Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Негізгі құралдардың істен шығуы



бет18/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

Негізгі құралдардың істен шығуы.
Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:

  • Физикалық немесе сапалық тозу;

  • Шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;

  • Басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;

  • Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру,

  • Объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;

  • Кем шығу, табиғи апат және басқа есептер.

Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай – ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.
Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «Негізгі құралды есептен шығару актісі» және «Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен» екі данамен ресімделеді.
Обектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет