Мазмұны
Кіріспе ...................................................................................................... 3
Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі..................................5
1.1. Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері......................................5
1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы..................................8
1.3. Ұйымның экономикалық саясаты........................................12
2. Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды
ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................19
2.1. Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері
2.2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру...........................................22
2.3. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау....................................26
2.4. Негізгі құралдар қозғалысының есебі...................................................31
2.5. Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі...........................41
2.6. Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар.................47
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу..................................................................54
3. Негізгі құралдарды талдау..........................................................................56
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау..........56
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау...................................66
3.3. Қор қайтарымы мен рентабельділігінің, өндірілген өнімнің өсу резервтері......................................................................................................76
Қорытындылар мен ұсыныстар...........................................................................80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................82
Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындары «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес 2007 жылдың 28 ақпаннан бастап қаржылық есеп берулердің халықаралық стандарттарына көшті.
Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстан Республикғасы қаржылық есеп берулерінің бухгалтерлік есеп жүйелерін халықаралық стандарттарға көшіру ең көкейтесті проблема болып табылады. Бұл бағытта елімізде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
ҚЕХС –ке көшу Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды, өйткені ол елдің әлемдік ақпарат кеңістігіне шығуын қамтамасыз етеді, халықаралық капитал рыногымен уақытылы қарым-қатынас жасауға (байланысқа шығуға), шетелдік инвестицияны тартуға мүмкіндік тудырады.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда.
Бухгалтерлік есеп экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық субъектінің қызметінің іс-әрекеттері сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі, негізгі құралдарды тиімді пайдалануын, негізгі құралдардың есебін және тозуын есептейді.
Бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең теориялық білімі арқылы экономикалық талдау мен негізгі құралдардың есебін жүргіземіз, ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары және заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
Ұйымның шаруашылық іс-әрекетін белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген 2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес іске асырылады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.
Диплом жұмысының мақсаты: ұйымда негізгі құралдардың құрылымын, өзгерісін және жағдайын, олардың есебін білуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін алады.
Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;
Негізгі құралдарды түгендеу;
Негізгі құралдардың құрамы мен қамтамасыз етілуін талдау;
Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау;
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамы 2005-2007 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан және қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |