Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі



бет4/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында ұйым қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңінде маңызды болып саналады.

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнімді өндіруге кеткен шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебі, қандай болмасын өнеркәсіп өзі шығарған өнімдерінің өзіндік құнын анықтап, яғни кеткен шығындарын біле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнімнің сапалы және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетіндей қылып жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндағы шығындардың есебін жүргізудегі негізгі көрсеткіштердің бірі бұл – негізгі құралдардың амортизациясы және де ол бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде басты орындардың бірін алып отыр.


Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретінде қаралатын ең негізгі көрсеткіштердің біріне жатқызылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептегі оның мәні мен ерекшелігі өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет