Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру ерекшеліктері



бет7/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

2 Халықаралық стандарттарға көшудегі негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру ерекшеліктері
2.1 Халықаралық стандарттаудың мәні, маңызы және ерекшеліктері

Стандарттар деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі деген мағынан береді. Бухгалтерлік есепте стандарттар деген түсінікті екі көзқараста қарастыруға болады. Біріншіден, ол – белгіленген қызметті реттеуші принциптер мен ережелер, екіншіден, әр түрлі принциптер мен ережелерді бекітетін нормативтік құжаттар. Бұл жағдайда есепті жүргізудің құжатпен ресімделген ережелерінің кешені (нормалар, үлгілер) белгіленген терминологияға, әдістерге, белгіленген деректі көрсету кезінде шаруашылық операциялардың мәнісіне сәйкес келуі тиіс.


Есепті стандарттау термині дегеніміз есепті жүргізу мақсатында субъектілер қызметін реттеу мақсатында заңнамамен бекітілген процедуралардың жиынтығын қолдану.
Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың пайда болуы ең алдымен мынандай объективтік алғышарттармен байланысқан:
1) интеграция, әлемдік экономиканың өзара тәуелділігі, өзара байланыстылығы, және қаржылық әрі инвестициялық нарықтардың жан-жақты қажеттілігі;
2) трансұлттық корпорациялардың , интеграцияланған бірлескен кәсіпорындардың , корпорациялардың кеңеюі және әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуі;
3) әлемдік өндіргіш күштердің жаппай, жаһандық және интернационалдық деңгейге дейін дамуы;
4) жетекші елдердің валюталарының еркін конвертациялануы, сонымен бірге ортақ еуропалық валюталардың енгізілуі;
5) әлеуметтік, экономикалық, қаржылық салаларда ұлтаралық бағдарламаларды жүзеге асыруда және экономикалық үрдістерді басқаруда біріздендіру және стандарттау сияқты ортақ тәсілдемелердің қажеттілігі;
6) ұлттық қағидалар мен ережелер шеңберінде қалудың мүмкінсіздігі;
7) халықаралық ережелерге немесе серіктес елдің ұлттық нормаларымен сәйкес есептілікті жүргізу үшін едәуір қаржыларды жұмсамай-ақ дұрыс шешімдерді қабылдау үшін салыстырмалы, түсінікті ақпаратты иелену тілегі.
ҚЕХС-ның айырықша ерекшелігі есептік мәселелерді шешуге қатысты тәсілдемелердің көп варианттылығы. Мұның мысалы ретінде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) есептеудің, запастардың, инвестициялардың есебін жүргізудің балама әдістерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Көптеген себептерге байланысты ҚЕХС әр түрлі елдерде, әсіресе АҚШ-тағы есепті енгізу тәжірибесінің ықпалында тұрады.
Айтылғанға байланысты, халықаралық стандарттар кәсіпорындардың іс жүзінде барлық аспектілерін регламенттей отырып, оның әрекет етуінің жеткілікті кең салаларын қамти алмайды. Сондықтан да ҚЕХС-ын зерттей отырып, оларды қолдану кәсіпорынға өте кең қолданылатын жалпы қабылданған нұсқаларын таңдауына мүмкіндік береді.
ҚЕХС-ын сәйкес қалыптасатын есептік және есептілік ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктері бар, оларды біз төмендегі 1-кестеде топтастырдық.
1-кесте - ҚЕХС –ның артықшылықтары мен кемшіліктері



Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Капиталдың халықаралық нарықтарына тартуға арналған мүмкіндіктерін кеңейту;

  • Негізделген шешімдерді пайдаланушының қабылдауына көмектесетін ақпараттың пайдалылығы және қарастырылатын көлемнің регламенттелуі;

  • Уақыт пен басқа шығындарды, соның ішінде материалдық шығындарды қысқарту;

  • Жауапкершілікті көтеру және республика экономикасының тұрақты өсуіне арналған есептің ақиқаттылығы мен маңыздылығын арттыруға қабілетті бухгалтерлердің білімдерін, машықтарын және өкілеттіктерін кеңейту;

  • Ақпараттың ашықтығы, тәуекелдіктердітөмендету және сенімділікті арттыру арқылы басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту;

  • Сапалы салыстырмалы қаржылық ақпаратты қалыптастыру негізінде әр түрлі елдер экономикаларының бірігуі;

  • Экономикалық интеграцияны жақындату және есеп пен есептілікті үйлестіру.

  • Стандарттың жалпылама сипаттары;

  • Есеп әдістерінің жеткілікті үлкен көлемдегі алуан түрлілігі

  • Нақты жағдайларға қатысты нақты түсіндірулердің жоқтығы;

  • әр түрлі елдердің даму деңгейлеріндегі айырмашылықтар;

  • экономиканың ұлттық ерекшеліктерін және дәстүрлерін ескеретін ережелер мен реттің болмауы;

  • ұлттық есеп жүйесіне ҚЕХС-ын бейімдеу қажеттілігі және жекелеген жағдайларда жұмыстың үлкен көлемде болуы;

  • бухгалтерлердің білімдері мен машықтарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ оқытудың жүйелі түрдегі қажеттілігі;

  • аударудың дұрыс болмауына байланысты кейбір терминологияны түсінудің қиындығы;

  • жекелеген пәндер бойынша нормативтік-құқықтық жүйенің сәйкессіздігі.

Сәйкесінше, мынаны айтуға болады, яғни ақпараттық базаның негізі ретіндегі ҚЕХС-ын бухгалтерлік есептің отандық жүйесіне енгізудің мақсаты – есептіліктің ұлттық айырмашылықтарын азайту және әр түрлі пайдаланушылар шешімдерді қабылдау үшін ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету.
Есептік жүйені стандарттау – бұл әр түрлі елдердегі есеп жүйесін зерттеу, жіктеу және топтастыру және де есеп пен есептілікті жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.Бұл жағдайда әрбір елде есептің өзіндік ұлттық жүйесі қабылданған, ол белгіленген дәрежеде жалпы қағидаларға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет