1.2 Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамы 1994 жылы 31-ші мамырда шаруашылық жүргізуші субъект ретінде тіркелген.
Акционерлік Қоғамның жарғысы 1994 жылдың 27-ші мамырында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Алматы қалалық территориялық комитетінің № 56552 Қаулысымен бекітілген. Алматы қаласының Әділет басқармасы 1997 жылдың 17-ші қыркүйегінде бекіткен қайта тіркеу жөніндегі №13360-1910-АО күәлігінің негізінде "Комбинат продоформление" Акционерлік Қоғамы "САК - комбинат Продоформление" Акционерлік Қоғамына ауыстырылған. Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзінің жарғысына сәйкес жүргізеді.
Акционерлік Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық- даралық негізінде жүзеге асады. Акционерлік қоғамның өзінің жеке (дара) балансы, банктерде есеп айрысу және өзге де шоттары, орысша және қазақша аталуы жазылған мөрі бар. Акционерлік қоғамның қызметінің мақсаты - пайда тауып, оны Акционерлердің мүддесінде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын үжымының және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітаптық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиім салынбаған қызмет түрімен айналысады. Акционерлік қоғамның қатысушылары "Financial Management Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарғылық қордың 90%-і, "САК - комбинат Продоформление" акционерлік қоғамының жұмысшылар ұжымы -- жарғылық қордың - 10%-іне ие. Акционерлік қоғамның барлық қатысушылары акционерлік қоғамнан алған акцияларының құнын өтегеннен кейін акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес құқтар мен міндеттерге ие болады. Нарықты қатынастық экономикага көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда.
"САК комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік қоғамының бухгалтерлік есебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті жасаған типтік, арнайыландырылған типтік және типтік унифициалданған құжаттар қолданылады. Кәсіпорындағы есеп толығымен компьютерлендірілген. Машинограммалардың көпшілігі журнал-ордерлік қағида бойынша құрылған.
Акционерлік қоғам тауарлық материалдық қорлар есебіне оперативтік-бухгалтерлік әдіс қолданады. Өндіріске кеткен шығындар есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі.Қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартының №3 стандартында қарастырылған "САК - комбинат Продоформление" Акционерлік Қоғамының қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі "қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері" кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:
1. Актив айнылымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құны / өнімді өткізуден түскен табыс
2. Қор сиымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құны /
өнімді өткізуден түскен табыс
3. Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден түскен табыс /
негізгі құралдардың орташа жылдық құны
4. Сату рентабельділігі = Таза табыс / өнімді өткізуден түскен табыс
5. Активтердің рентабельділігі = Таза табыс / активтердің жалпы орташа қүны * 100 %
№1-кесте
"САК" — комбинат "Продоформление" АҚ-ның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырганымыздай 2007 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2006 жылы 291463,4 тг. болса, 2007 жылы 371550290 тг. болған.
2007 жылы сатудан түскен табыс 382993311 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550290 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жогарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шырындар мөлшері де көп.
Сондықтан ұйым корпоративтік табыс салығын төлемейді. Өйткені салық салынғанға дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2006 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993311 тг. болса 2004 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы ( + 37999469 тг.) болды. Мұнда көріп отырранымыздай өткен жылмен салыстырранда сату мөлшері ( + 37999469 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны ( + 36863566 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. ЯҒНИ, мұнда әсіресе кезең шырындарының үлесі артып отыр.
Ұйымның есепті жылғы, яғни 2006 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2005 жылы 3491636 тг. болса, 2006 жылы 12766806 тг. жоғарылаған.
Бөлінбеген пайда 2006 жылы (-48424407 тг.) ал, 2007 жылы
(-93598568 тг.) құраган. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. ¥йым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз - бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2006 жылы 79448 тг. , 2007 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық "мезгіл дефицитін" кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады.