Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Негізгі құралдар қозғалысының есебі



бет17/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

2.4 Негізгі құралдар қозғалысының есебі

Субъектінің шаруашылық іс - әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып – сату мақсатымен алынған негізгі қорлар – тауарлық – материалдық қорлар құрамында, ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі құралдарды есептеу үшін 2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.


Негізгі құралдар міқұралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзі көрсетіледі. Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісімен ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең) және жойылу құнын (пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шыққан соң есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік – сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісімшартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал – жабдықтар кіріске алынады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу – сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жорамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.
Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:



Шаруашылық операциялаңрыны мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

  • Құрылтайшылардың жарғы капиталына олардың салымдары есебіне негізгі құрал-жабдықтарды серіктестіктерге қатысушылар арасында келісілген бағамен салған кезінде;

а) жарияланған жарғы капиталы сомасына



5020 «Төленбеген капитал»



5010 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар»



1 000 000

ә) негізгі құралдар салымы

2412-2416 «Негізгі құралдар»

5020 «Төленбеген капитал»



600 000


  • субъектінің өзі негізгі құрал жабдықтарды дайындаған немесе оларға төлеп алғанда – нақты шығын сомасы бойынша

2412-2416 «Негізгі құралдар»

4110 «Төленуге тиісті шоттар»

324 000

  • басқа заңды немесе жеке тұлғалардан объектіні өтеусіз алғанда (бағалау эксперттік жолмен немесе қабылдау-тапсыру актісінің мәліметтері бойынша жүргізілді)

2412-2416 «Негізгі құралдар»

6280 «Басқадай» қосымша қызметтен түскен табыс

127 800

  • алынған (тапсырылған) ақшалай қаражат сомасы түзетіліп, берілгендердің ағымдағы құнына тең алынған активтердің құны айырбас операциясы нәтижесіне өлшенеді

2412-2416 «Негізгі құралдар»

4110 «Төленуге тиісті шоттар»

300 000

Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады, белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзіндегі заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет