Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Негізгі құралдарды түгендеу



бет25/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

2.5 Негізгі құралдарды түгендеу

Негізгі құралдарды түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігін анықтау мақсатымен "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамында 2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.


Түгендеу басталмас бұрын техникалық құжаттардың бар-жоғын тексеру керек, құжаттар жоқ болса, оларды алу немесе рәсімдеу қажет. Субъект құрған коммисия міндетті түрде объектіге байқап қарайды және «Негізгі құралдарды түгендеу тізімдемесіне» олардың толық атауын, белгіленген міндетін, мүліктік нөмерін және негізгі техникалық және пайдалынылатын көрсеткіштерін жазады. Есепке алынған объектілер табылғанда, сондай-ақ бухгалтерлік есеп регистрін оларды сипаттайтын мәліметтер жоқ болса, дұрыс көрсетілмесе, коммисия түгендеу тізімдемесіне және мүліктік карточкаларына жетіспейтін, сонымен қатар сол объектілер бойынша дұрыс мәліметтермен техникалық көрсеткіштерді енгізуге тиісті.
Егер коммисия күрделі сипатта жасалған жұмыстарды немесе құрылыс пен орнатылғандарды жекелеп жоюды бухгалтерлік есепте көрсетпесе, тиісті құжаттар бойынша объектінің баланстық құнын арттыруды немесе түсірудің сомасын анықтауды қажет және регистрде болған өзгерістер жайлы мәліметтер келтіруі керек. Коммисия бір уақытта кінәлі адамдарды әрі сол және басқа объектілердегі конструктивті өзгерістерді бухгалтерлік есеп регистрінде көрсетпеу себептерін анықтауға тиіс.
Түгендеу сәтінде кәсіпорындағы сыртқары жерде тұрған негізгі құралдар олар істен шыққанша түгенделеді.
Пайдалануға жарамсыз және қалпына келтірілмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне кіргізілмейді.
Меншікті құралдарды түгендеумен бір уақытта жалға алынған және жауапты сақталуда тұрған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілер бойынша жекелей түгендеу тізімдемелері жасалады, оларда бұл объектілерді жалға алу немесе жауапты сақталуға қабылданғандығын растайтын құжаттарға сілтемеберіледі. Оларда белгіленген мәліметтерден басқа кәсіпорынның атауы, жал немесе сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімдемесінің бір данасы осы кәсіпорында болады.
Түгендеу нәтижелерін айқындау үшін бухгалтерияда есеп мәліметтерінен ауытқу табылған объектілерді де қоса жазған «Негізгі құралдарды түгендеу нәтижелерін с алыстыру тізімдемесі» жасалады.
Түгендеу коммисиясы негізгі құралдардың кем енмесе артық шығу фактілерін анықтағанда материалға жауапты адамдардан айырмашылық себептері жазбаша түсініктер жинайды. Баланс есебінен шығарылған, жаңа түгендеу карточкалары жазылады: карточкалар «Архив» картотекасы бөліміне орналастырылады.
Түгендеу коммисиясының хаттамасын кәсіпорын басшысы түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кем емес мерзімде бекітеді. Қорытындылары түгендеу біткен айдың есебінде көрсетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет