Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Қорытындылар мен ұсыныстар



бет29/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

Қорытындылар мен ұсыныстар

Бухгалтерлік есеп қазіргі экономика жағдайында барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржы шаруашылық жайлы ақпараттарын тіркеудегі, өңдеудегі және сақтаудағы негізгі экономикалық жүйе болып табылады. Осыған орай, әрбір шаруашылық ұйымы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда өте өзекті болып табылады.


Жалпы диплом жұмысы «Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және оны талдау» тақырыбында жазылды.
Бүгінгі таңда Қапзақстан Республикасында бухгалтерлік есепті қайта қалыптпстыру процесі халықаралық тәжірибеге бағдарламамен белсенді өтуде. Бұл негізінен, біріншіден, жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуімен байланысты экономика позициясынан бухгалтерлік есеп әдетте кәсіпорын туралы ақпараттарды дайындау процесі ретінде қарастырылады.
Дипломдық жұмысты қорытындылай отырып, бірқатар ұсыныстар айтуға болады. Жалпы мен дипломдық жұмысыма «САК–Комбинат Продоформление» Ашық Акционерлік қоғамының экономикалық жағдайына, оның техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, негізінен онда жүргізілетін негізгі құралдар есебінің ерекшеліктерін қарастырдым.
Кез-келген кәсіпорын негізгі құралдар сәйкесті құжаттармен жүргізіліп отыратыны белгілі. Осыған орай орталық қызметі бойынша негізгі құралдарға байланысты барлық құжаттар алынып, талдау жасалынады.
Ұйымның негізгі құралдар есебін қарастыру барысында мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:
- Кәсіпорындағы негізгі құралдардың операциялары барысындағы негізгі құралдар қозғалысының есебі 12 «Негізгі құрал-жабдықтар» деп аталатын бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп Қазақстан стандартқа сай ұйымдастырылады.
- Ұйымда бухгалтерлік есеп стандарттар мен бухгалтерлік есеп шотының Бас жоспарын қолдануда кемшіліктер кездеседі. Ұйымда жүргізіліп жатқан операциялар алғашқы құжаттармен өз уақытында толтырылмайды. Мұның бәрі қателіктердің туындауына жағдай жасайды.
- Ұйымның негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланып, негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру қажет.
- Қор қайтарымы деңгейінің өзгеруіне біршама факторлар әсерін тигізеді.
- Ұйымда қор қайтарымының актив бөлігі біршама төмендеген, яғни
0,005пайызға;
- Қоғамда өнім мен қор қайтарымын шығаруды ұлғайту резервтерін санайды немесе орнатылмаған жабдықты іске қосу, оны ауыстыру және модернизациялау, толық күнді және ішкі смендік тоқтап қалуды азайту, оны интенсивті пайдалану, ғылыми – техникалық прогресс шараларын енгізу қажет;
- Қор қайтарымын жоғарлату және өнім шығаруды молайтудың пайдаланылмаған резервтерін шығару керек;
- Ағымды және перспективалы резервтерді анықтау кезінде факторлық көрсеткіштердің жоспарлы деңгейінің орнына олардың мүмкін деңгейін есептеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет