Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Құнды біркелкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі



бет23/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

Құнды біркелкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі – объект құны ай сайын тең сомамен есептен шығарылады.
Мысалы. 95760 компьютері алынды, қызмет мерзімі 5 жыл, болжанатын жойылу құны 1850.

Амортизацияны тура сызықты тәсілмен есептеу бойынша шығарылатын есеп:



Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортизациялық құн

Қызмет мерзімі

Амортизация мөлшері %

Жылдық амортизация

2003

95 760

1850

93910

5

20

18782

2004

95 760

95 760

93910

5

20

18782

2005

95 760

95 760

93910

5

20

18782

2006

95 760

95 760

93910

5

20

18782

2007

95 760

95 760

93910

5

20

18782

Тозғандардың жинақталған тізімдемесі:





Есепті кезең

Бастапқы құн

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Баланстық құн 2 топ – 4 топ

1

2

3

4

5

2003

95 760

18782

18782

76978

2004

95 760

18782

18782 + 18782 =37564

58196

2005

95 760

18782

37561 + 18782 = 56345

39414

2006

95 760

18782

56345 + 18782 =75128

20632

2007

95 760

18782

75128 +18782 = 93910

1850

Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктер енгізу түзету мен негізгі құрал жабдықтарды жнңартуға қызығушылықты арттыру үшін қаржылық жағдай жасау мақсатымен субъектілер амортизацияны тездетіп есептеу, (кумулятивті тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару, кемітілген қалдық тәсілдерін қолдана алады.
Сандар сомасы бойынша (кумулятивті тәсіл) құнды есептен шығару тәсілі есептік коэффициентті табудан тұрады. Коэффициент бөлгіші қорытындысы пайдалы қызмет мерзімі сомасына, ал алым қызмет ету мерзімінің соңына дейін қалған жыл соңына тең болады.
Амортизация сомасы кейінгі жылдарға қарағанда пайдалануға берілген алғашқы жылдары жлғары болады. Амортизацияны есептеу бойынша есеп кумулятивті тәсілмен: 95760 компьютері алынды, қызмет ету мерзімі 5жыл, болжанатын жойылу құны 1850.



Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортиза-циялық құны

Кумулят сан

Қызмет ету мерз соңына қалған жыл саны

Есептік коэфф-т 6/5

Жылдық амортизация 4×7

1

2

3

4

5

6

7

8

2003

95760

1850

93910

15

5

0,333

31303

2004

95760

1850

93910

15

4

0,266

25043

2005

95760

1850

93910

15

3

0,2

19782

2006

95760

1850

93910

15

2

0,133

12521

2007

95760

1850

93910

15

1

0,066

6261

Жинақталған тозу тізімдемесі:





Есепті кезең

Бастапқы құн

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Есептікезең соңындағы баланстық құн

1

2

3

4

5

2003

95760

31303

31303

64457

2004

95760

25043

30303 + 25043 = 56346

39414

2005

95760

19782

56346 + 18782 = 75128

20632

2006

95760

12521

75128 +12521 = 87640

8111

2007

95760

6261

87640 + 6261 = 93910

1850

Амортизацияны кемігіш қалдық тәсілімен есептеу бойынша есеп:


Бұл тәсілде амортизация сомасы объектіні бірінші жыл қолданғанда бірден көбейеді және соңғысында төмендейді.
Кемігіш қалдық тәсілінде амортизацияны есептеу бастапқы емес, баланстық құннан жасалады.
Түзу сызықты тәсілде амортизация мөлшері екі есе өсіріледі. Амортизацияны есептегегенде жойылу құны ескерілмейді, бұған жойылуға дейінгі қалдық құнды кеміту, үшін қажетті шамамен амортизация сома шектелетін соңғы жыл кірмейді.
Компьютер – 95760 алынды, қызмет ету мерзімі 5 жыл, болжанатын жойылу құны 1850, тура сызықты тәсілде амортизация мөлшері 20%, кемігіш қалдық тәсілінде екі есе (40%) өсіріледі.



Есепті кезең

Бастапқы құн

Жойылу құны

Амортиза-циялық құн

Қызмет мерзімі

Амортиз. мөлшері %

Жылдық амортизация

2003

95760

1850

93910

5

40




2004

95760

1850

93910

5

40




2005

95760

1850

93910

5

40




2006

95760

1850

93910

5

40




2007

95760

1850

93910

5

40




Жинақталған тозу тізімдемесі:



Есепті кезең

Есепті кезең басын.Баланс құн

Амортиза-ция мөлшері %

Жылдық амортизация

Жинақталған тозу сомасы

Есепті кезең соң.
Балан. құн

2003

95760

40

38304

38304

57456

2004

57456

40

22982,4

38304+22982,4=61286

34474

2005

34474

40

13789,6

61286+13789,6=75076

20684

2006

20684

40

8274

75076+8274=83350

12410

2007

12410




10560

83350+10560=93910

1850

Теңдеулер қорытындысын шығару үшін кестеге үш тәсілмен есептелген компьтердің жылдық амортизациясы сомасын кіргіземіз.


Әр түрлі тәсілмен есептелген амортизация қорытындыларын салыстыру:



Есепті кезең

Құнды тура сызықты (біркелкі) тәсілмен есептен шығару

Кемігіш қалдық тәсілі

Сан сомасы бойынша есептен шығару тәсілі (кумулятивті тәсіл)

2003

18782

38304

31303

2004

18782

22982,4

25043

2005

18782

13789,6

18782

2006

18782

8274

12521

2007

18782

10560

62661



Өндірістік тәсіл (амортизацияны орындалған жұмыс көлеміне пропорциональды есептеу) амортизация объектісі пайдалану нәтижесі ғана болуына, уақыттың бір бөлігі оны есептеу барысында ешқандай роль атқармайтынына негізделген.
Бұл тәсілді пайдалану мерзімі техникалық көрсеткіштермен не болмаса ұйымның шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен шектелген жағдайда қолдануға болады.
Амортизацияны әр түрлі тәсілмен есептеген сомаларды салыстырғанда, қаралған тәсілдер кәсіпорын нәтижесіне ықпал ететін негізгі құрал – жабдықтардың жылдық амортизация саласына кемуіне немесе артуына мүмкіндік беретінін айқын аңғартты.
Пайдалануға алғаш берілген кесімді белгіленген активтер бойынша пайдаланудың алғашқы салықтық кезеңінде амортизациялық аударымдар кесімді белгіленген активтер мәліметтерін кемінде үш жыл жиынтық жылдық табыс алу мақсатында қолданған жағдайда амортизацияның қос мөлшері бойынша атқарылады.
Негізгі құралдар объектілерінің салықтық есебі есепті жыл қорытындылары бойынша салық мақсаттары үшін негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тізімдемесінде жүргізіледі.
Негізгі құралдардың әр түрлеріне сан түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Субъект таңдаған амортизацияны есептеу тәсілдерін есеп саясаты белгілеуге тиіс және бір есепті кезеңнен екіншісінде дәйектілікпен қолданылады.
"САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамында негізгі құралдардың есебі үшін мынандай синтетикалық шоттары бар 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлікшесінің пассивті шоттары қолданылады:
2421 «Үйлер мен ғимараттардың тозуы»
2422 «Машиналардың, жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы»
2425 «Транспорт құралдарының тозуы»
2429 «Басқа да негізгі құралдардың тозуы»
Жоғарыда көрсетілген шоттардың әрқайсысына қосалқы шоттар ашуға болады:

    1. Меншікті негізгі құралдардың тозуы

    2. Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құралдардың тозуы

Толық амортизацияланған негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінбейді.
Тозуды есептегенде 7400 «Қосымша шығындар» бөлімшесіне өндірістік шоттары, 7410 «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» қолданылады.
Тозуды есептегенде:
7410 «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» дебеті.
2421-2429 кредиті.
Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында ескеріледі.
Тозуды есептегенде:
7210 дебеті, 2421-2429 кредиті.
Өткізілетін орындарда тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 7110 «Тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі.
Тозуды есептегенде:
7110 дебеті 2421-2429 кредиті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет