Негізгі сұрақтар: Ойынның оқыту әдісіне жататынын дәлелдеу


Ойын технологиясын пайдалану



бет3/6
Дата13.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#125129
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ойын әдісін жаратылыстану мен дүниетанудан білім беруде қолдану
Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен қолданылатын көрнекілік түрлеріне талдау жұмысын жасау, Тәрбие түрлерінің сипаттамасын құру
Ойын технологиясын пайдалану арқылы сарамандық жұмыстар ұйымдастыру, тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамытып, олардың жекебастық белсенділігіне  жол ашу, әр түрлі жағдаяттар барысында баламалы шешім табу мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, салыстыру, тұжырымдау, қорытынды жасау әдістерін қолдану арқылы заттардың сапасын, күйін ұқсастығын, айырмашылығын ажырата білу қабілеттерін дамытуға болады. Дүниетану пәнінде ойынды оқыту процесінің кез-келген кезеңінде қолдануға болады. Мысалы, жаңа материалды меңгерту, үй тапсырмасын тексеру, оқушы білімін тексеру, бекіту, тиянақтау, жаңа материалды игеруге дайындық т.б. кезеңдерде сабақ мақсатына сәйкес пайдалануға болады . Ол материалды жете меңгеруге, жеңіл , тез игеруге, есте сақтауға мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушы өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі еркін ұстауға, өз мүмкіндігін бағалай білуге, басқаның ойын таразылай білуге мүмкіндік алады. Сондықтанда дүниетану пәнін оқытуда ойын технологиясын пайдалану арқылы жетістіктерге қол жеткізуге болады. Ойын түрлерін қолдануға шек қойылмайды. Мысалы, ұлттық ойындар, үстел үстінде ойналытын ойындар,т.б.

Оқыту процесінде сонымен қатар сөзжұмбақтар, ребустар шешуді ұйымдастыруға болады. Жоғарыда көрсетілген ойындардан басқа да көптеген ойындарды мұғалім шеберлікпен икемдеп пайдалануына болады , ойынның түріне ешқандай шек қойылмайды. Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін, ізденіипаздығын арттырады, қызығушылығын оятады. Соңдықтан мүғалім оқыту процесінде ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын, сол пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын десек, оқыту процесінде оларды біртендеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімдеу тиімді. Ол оқыту процесіндегі ойын технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Ойын технологиясының  жай қарапайым ойыннан айырмашылығын олардың мәнді белгілерінің болуы. Олар: нақты қойылған оқыту мақсаты мен соған сәйкес оның педагогикалық нәтижесінің дәлелденуі мүмкін; оқу-танымдылық бағыттылығымен сипатталатын, айқын түрде бөліп көрсетуге келеді.


3. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын ойын түрлерінің топтамасын жасау.

«Кім болам?» ойыны. Тақтаға суреттер ілінеді. Тақтаға шыққан оқушы өзіне ұнайтын мамандыққа сәйкес суретті таңдап алады да, оның артында берілген тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындаған оқушы сол мамандық иесі болып есептеледі.

«Ақсүйек» ойыны  . Ойынға толық класс қатысады. Алдын - ала берілген сұраққа сәйкес кестедегі торкөзде сөздің немесе құбылыстың, заттардың аттарының орнына «ақсүйек» тығылып қойылған. Кім сол сөзді дұрыс тапса, сол «ақсүйекке» ие болады. Кім «ақсүйекті» көп тапса, сол жеңімпаз. «Ғажайып  алаңы» ойыны.

Жүргізуші дөңгелектерді айналдырады да, тоқтаған жерге сәйкес келген тапсырманы орындау  ұсынылады. Мұны тақтада дұрыс орындаған оқушы   дөңгелекті айналдырады. Егер ол қате жіберсе, оның қатесін түзеген оқушы дөңгелекті айналдырады. Ойын осы ретпен әрі қарай жалғастырыла береді. Бәйге алу –ойыны

Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. Оқушылар қима қағазда жазылған тапсырмаларды алып оқып, тез орындауға ұмтылады. Дұрыс тез орындаған оқушы туды алып, жеңіске жетеді.

Қыз қуу- ойыны.

Алдымен сұрақтар оқылады. Содан кейін тапсырма шарты оқылады. Ойын шарты оқушыларға түсіндіріледі. Алдымен қыз бала тапсырманы оқып орындауға кіріседі, содан кейін қалған ер балалар тапсырмасын орындауға кіріседі. Қыз баладан бұрын тапсырманы орындап болған бала қызды қуып жеткен болып есетеледі. Егер қыз бала ер балалардан бұрын орындап болса онда ер  балалар қызды қуып жете алмағаны. Қыз бала жеңіске жетеді.



Хан талапай - ойыны.

Асықпен ойналатын ойын түрі. Бұл ойынға номерленген асықтар алынады. Номерге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады , ал балалар талапайлап асық алып , номері бойынша тапсырманы тездетіп орындауға кіріседі. Кім бірінші болса сол оқушы жеңіске жеткені.



Теңге алу –ойыны.

Бұл ойынды салыстыру, ерекшелігін, ұқсастығын, айырмашылығын көрсетуге байланысты қоладнуға болады.Тақтада теңге суреті ілініп тұрады. Тапсырманы алып, кім бұрын орындаса сол теңгені алады.



Арқан тартыс –ойыны.

Тақтаға арқан суреті салынады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Арқан ортасы белгіленіп тұрады, екі жағанда тең тапсырма ілінген. Оқушылар кезектесіп келіп тапсырмаларды орындайды, қай топ тапсырмаларды бірінші аяқтаса сол топ жеңімпаз болады.


4. Ойынды қолданып білім беруге арналған бір тақырыптың жоспарын жасау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет