Негізгі сұрақтар: Ойынның оқыту әдісіне жататынын дәлелдеу



бет1/6
Дата13.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#125129
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ойын әдісін жаратылыстану мен дүниетанудан білім беруде қолдану


 Тақырып – 11: Ойын әдісін жаратылыстану мен дүниетанудан білім беруде қолдану Сабақтың мақсаты: осы тақырып бойынша бағдарламалық материалды бекіту, нақтылау және толықтыру.

Негізгі сұрақтар: 1. Ойынның оқыту әдісіне жататынын дәлелдеу.

2. Дүниетануды оқытуда қолдануға болатын ойын түрлері туралы пікір алысу.

1. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын ойын түрлерінің топтамасын жасау.

2. Ойынды қолданып білім беруге арналған бір тақырыптың жоспарын жасау

1. Ойынның оқыту әдісіне жататынын дәлелдеу.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адамды балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы  нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылыстана әрі сапалы орындайтын болады.

Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық. «Ақсүйек», «Көкпар», «Ханталапай», «Арқан тартыс», «Мың бір мақал», «Сергіту сәті», «Сөз құрау», «Жұмбақ есеп», «Әріпті кубиктер».

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

-       Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

-       Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

-       Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

-       Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

-       Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

-       Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

-       Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

-       Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет